Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Радиациялық қауіпсіздік

Радиациялық қауіпсіздік

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – персонал мен халықтың сәулелену деңгейлерін төмендетуге бағытталған ұйымдастыру, технологиялық, техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және медициналық-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүзеге асыру.

Радиациялық қауіпті обьектілерде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегі талаптарды сақтаған жөн:

– Радиациялық қауіпсіздік режимдерін әзірлеу және енгізу, радиациялық авариялардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеу;

– Республиканың бүкіл аумағында радиациялық мониторингті жүзеге асыру, радиациялық қауіпті объектілердің аумақтарындағы, бақылау аймақтарындағы және санитариялық-қорғаныш аймақтарындағы жағдайды радиациялық бақылау жүйесін құру және пайдалану;

– Жеке қорғаныс құралдарын, радиациялық барлау және дозиметриялық бақылау аспаптарын және залалсыздандыру құралдарын, тиісті техникалық құралдарды, материалдар мен мүлікті жинақтау және даярлықта ұстау;

– Халықты радиациялық авариялар жағдайындағы іс-қимылдарға дайындау, радиациялық қауіпті объектілер персоналын және авариялық-құтқару күштерінің жеке құрамын кәсіби даярлау;

– Радиациялық қауіпті объектілердің радиациялық қауіпсіздік қызметтерінің радиациялық авариялардың салдарын жоюға дайындығын қамтамасыз ету.

– Персоналды алдын ала (жұмысқа түскен кезде) және мерзімді міндетті медициналық қарап-тексеруді қамтамасыз ету

Халықтың табиғи радионуклидтерден радиациялық қауіпсіздігін жүзеге асыруда:

– Ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін жер учаскелерін дұрыс таңдау, ол топырақтан радонның бөліну деңгейін және радиациялық фонды ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс;

– Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу осы үй-жайлардың ауасына радонның түсуін болдырмауды ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс;

– Құрылыс материалдарына өндірістік бақылау жүргізу;

– Құзыретті органдардың үй-жайлардың ауасындағы радонның деңгейін және радиациялық фонды ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға қабылдауды жүзеге асыруы.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: gov.kz/
20 тамыз 2024 ж. 257 0