Радиациялық ластану – денсаулыққа қауіпті
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселенің бірі – радиациялық ластану. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі санитарлық ережелері бар. Адамдарды зиянды радиациялық әсерден қорғау бойынша ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылдың 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығы шығып санитарлық ережелері және нормалары бекітілген.
«Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу» 2020 жылдың 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығын басшылыққа ала отырып, халықты радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүргізіледі. Елді мекендерден жылына 1 рет мониторингке радиациялық өлшемдер алынады.
Халықтың табиғи сәуле шығару көздерінен сәулелену деңгейлері туралы мәліметтер аумақтардың радиациялық-гигиеналық төлқұжаттарына еңгізіледі. Халықтың радиациялық қауіпсіздігінің салыстырмалы дәрежесін табиғи сәуле шығару көздерінің тиімді дозаларының төмендегі мәндері сипаттайды:
2 мЗв/жыл кем – сәулелену елдің тұрғындары үшін табиғи сәуле шығару көздері дозаларының орташа мәндерінен аспайды;
2-ден 5 мЗв/жыл дейін – жоғарылатылған сәулелені;
5 мЗв-жыл астам – жоғары сәулелену.
Сәулеленудің жоғары деңгейлерін төмендету бойынша іс-шаралар бірінші кезекті тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс.
Тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттар тұрғызу үшін аумақтардың учаскелерін таңдау кезінде гамма-аясы 0,3 мкГр/сағ аспайтын және топырақ үстінен радон ағынының тығыздығы 80 мБк артық емес учаскелер бөлінеді.
Ғимарат тұрғызу үшін радон ағынының тығыздығы 80 мБк артық учаске бөлінген кезде ғимараттың жобасында радоннан қорғану жүйесі көзделген болуға тиіс (тұтасқұйма бетон тұғырық, подвал үй-жайы жаппасының жақсартылған оқшауламасы). Топырақ үстінен радон ағынының тығыздығы 80 мБк кем болған кезде радоннан қорғану іс-шараларының қажеттілігі әр жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде айқындалады.
И.АҚЫЛБЕК,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК
Қызылорда облысы бойынша филиалының
Сырдария аудандық бөлімшесінің
санитарлық-гигеналық зерттеулер зертханасының
зертхана маманы
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК
Қызылорда облысы бойынша филиалының
Сырдария аудандық бөлімшесінің
санитарлық-гигеналық зерттеулер зертханасының
зертхана маманы