Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Санақ сапалы ұйымдастырылуы қажет

Санақ сапалы ұйымдастырылуы қажет

Санақ өтеді дегенді естідік, бірақ бұл қандай санақ? Кім нені есептейді, са­нақ қашан, қа­лай ұйымдас­ты­ры­лады? Осы сұрақ­тарға жауап іздеп, аудан­дық статис­тика басқармасына ха­барластық.

Басқарма басшысы С.Төлегенов бізге толық­қанды ақпарат беріп, бұл жолғы санақтың аграрлық сектордың дамуына бол­жам жасау және ауыл шаруашылығы сала­­сы­ның қазіргі шынайы жағдайы туралы толыққанды ақпарат алу үшін ұйым­дастырылатынын айтты.

– 2024 жылғы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында аймағымызда Пилоттық ауыл­шаруашылығы санағы өтеді. Санақ Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданының Асқар Тоқ­мағамбетов және Қазалы ауданының Ғ.Мұрат­баев ауылдық округтерінде өткізіледі. Ауыл шаруашылығы санағына шаруа қожалық­тары, ауыл шаруашылығымен айналысатын үй шаруа­шылықтары, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Санақ барысында жер және егіс алқаптары, төрт-түлік, үй құстарының саны, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына қатыс­ты деректер назарға алынады. Ауыл шаруа­шылығы кәсіп­орындары мен үй шаруа­­шы­лық­тары сауалнамадан «sanaq.gov.kz» сайтында өз бетінше өте алады. Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының қызмет­керлері үй-үйді аралап сұрау жүргізеді, – деді басқарма басшысы.

Осы ретте Пилоттық ауыл шаруа­шылығы санағы кезінде қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда 1446 нөмірі­не сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін тегін немесе телеграмдағы statgovkz_bot ботына хабарласуға болады. Ал аграрлық сектордың дамуына болжам жасау ауданымыз үшін маңызды екенін ескерсек, санақ сапалы ұйымдастырылуы қажет. Мұнан бөлек ауыл шаруашылығы саласы­ның қазіргі шынайы жағдайы туралы толық­қанды ақпаратты білу де аграрлы ауданы­мыз үшін маңызды.



А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
Фото:Naryk.kz
20 тамыз 2024 ж. 387 0