Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT»: Республикалық кеңестің отырысы өтті

«AMANAT»: Республикалық кеңестің отырысы өтті

Партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысына қатысты, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz

Кеше «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтіп, онда өңірлердегі жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталды.

Нақты айтқанда партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында алдағы оқу жылына жаңа оқушы орындарын құру және білім беру сапасын жақсарту жөніндегі шаралар кеңінен қаралды.

Отырысқа Параламент депутаттары, жауапты органдар өкілдері, сонымен бірге «Zoom» конференциясы арқылы өңірлердегі жауапты сала басшылары қатысты.

Облыста ағымдағы оқу жылы 1 сыныпқа 17 450 бала барады деп жоспарлануда. 1 – сыныпқа қабылданатын балалардан бүгінгі күні 15 848 өтініш қабылданған.

Өткен жылы облыс орталығындағы 4 мектептің орын тапшылығы мәселесі қосымша ғимарат салу арқылы шешімін тапты. Сонымен қатар, 1 170 орынды құрайтын 4 мектеп , биыл жыл басында 550 орындық 2 мектеп ел игілігіне берілді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде 6900 орынды құрайтын 10 мектептің құрылыс жүруде. Жақын күндері алғашқысы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар нәтижесінде аймақта апатты және орын тапшылығы бар мектептер мәлелесі толық шешілетін болады.

Оқушыларды оқулықтармен қамту үшін 1,8 млрд.тг. қаржы да қаралған.
16 тамыз 2024 ж. 69 0