Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия алаңында инклюзияны қолдау кабинеттерін қаржыландыру мәселесі қаралды

Партия алаңында инклюзияны қолдау кабинеттерін қаржыландыру мәселесі қаралды

Бүгін Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының депуттық фракция мүшелерінің қатысуымен партияның облыстық филиалы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті.


Жиынды облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Есқалиева жүргізіп, осыған дейін «AMANAT» партиясы жанында жұмыс жасап келген «Ұлт саулығы» мен «Білім және ғылымды дамыту» қоғамдық кеңестері біріктіріліп «Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес» атауымен өз жұмысын жалғастыратынын айтып өтті.

Отырыстың күн тәртібінде инклюзияны қолдау кабинеттерін әдістемелік қамтамасыз етуді қаржыландыру мәселесі қаралды.

«Әрбір баланың толыққанды өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету де партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!»атты Сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады. «AMANAT» партиясының орталық аппараты Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Сайлауалдындағы мiндеттемелерiн орындау мақсатында партияның облыстық филиалына инклюзивті қолдау кабинеттерiн әдістемелік қамтамасыз етуді қаржыландыру мәселесін фракция мүшелерінің қатысуымен кеңес отырысында қарауды ұсынып отыр» деді кеңес төрағасының орынбасары Гүлнар Есқалиева.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша өңірімізде инклюзияны қолдау кабинеттерін әдістемелік қамтамасыз етуді қаржыландыру туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова хабарлама жасады. Басқарма басшысының айтуынша облыста 5912 ерекше білім алуды қажет ететін балалар есепке алынған. Олардың 680 балабақшада, 1947–і жалпы білім беру мектепте, 173 колледждерде білім алуда екен. Білім беру ұйымдарында инклюзивтік білім беруді дамыту мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған Жол карта бекітілген. Жол карта аясында өңірімізде 144 мемлекеттік балабақшада логопункт ашылды, 121 арнайы мамандар қабылданды. 119 мектепте инклюзивтік қолдау кабинеттер және 8 ресурстық орталықтар ашылып, 151 дефектолог, логопед, олигофренопедагог, арнайы психолог, арнайы әлеуметтік педагог мамандар жұмыс жасайды. Ол балаларға сабақ беру әдісін, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ерекшелері бойынша 5000-ға жуық мұғалім курстан өтті,- дейді білім басқармасының басшысы.

Жиында ұсынған мәлімет бойынша кеңес мүшелері инклюзияны қолдау кабинеттерін әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарының жүргізілуіне қатысты сауалдарын қойып, ұсыныстарды ортаға салды. Айта кетейік, 2015 жылдан бері «Болашақ» Корпоративтік қоры «АМАНАТ» партиясының қолдауымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Әр бала мектепке лайық» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба аясында еліміздің 17 өңірінде аутизммен ауыратын 600-ден астам бала қамтылған 46 инклюзивті қолдау кабинеті ашылған.


Расул ЕСЕНОВ,
облыстық мәслихат депутаты,
«Amanat» партиясының мүшесі
21 сәуір 2022 ж. 344 0