ҚАН ТОБЫНА ҚАРАП ӨЗІҢНІҢ ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЕКЕНІҢДІ БІЛ
"Қыз өссе - елдің көркі" деген сөз бар. Әйел затын зерттеу мен оны түсіну үрдісі жігіттер қауымы жағынан тоқтап, толастамайтын күрестердің бірі. Бұл күрестің көшін көбінесе жазушылар мен ақындар қауымы алға жылжытады. Бүгін біз қан тобына қарай бойжеткендеріміздің мінезі мен ерекшелігі және кемшіліктері төңірегінде ой бөліспекпіз.
А(I) қан тобындағы қыздар:
Артықшылығы: ауыр мінезді, мүләйім, мейірімді, селбесім жұмыс жасауға және құрбан беруге дайын тұрады;
Кемшілігі: Үнемі қам-қайғы үстінде жүреді, шыдамсыздау, рухы әлсіз, сезімге берілгіш, қатты намысшыл, үмітін тез үзгіш келеді;
Ерекшелігі: Өзіне сенбейді, сондықтан басқаларға да оңайшылықпен сене бермейді.
Бұл қан тобындағы әйел заты нағыз ізденушілердің қатарында жүреді, жүректері сезімтал, махаббатқа жан-тәнімен беріледі. Сезім, махаббат жағынан сәтсіздікке ұшыраса айырылысу туралы әңгімені өздері бастайды. Өзіндегі бардың бәрін арнағанына қарамай, ерекше батылдықпен барлығынан өз еркімен бас тарта алады.
В (II)қан тобындағы бойжеткендер:
Артықшылығы: көңілді, сергек, нәзік, болашаққа үмітпен қарайды, үнемі айналасын дыр-дуға бөлеп жүреді;
Кемшілігі: барлығына үлгеруге тырысады, онысы іске аспай қалады, ойға алған жоспарынан оңай жериді, ә дегеннен-ақ атын шығарып, жеңіске жеткісі келеді, іс-әрекеттері шектен шығыңқырап жүреді.
Ерекшелігі: Өз-өзін жігерлендіру идеясы басым. Армандаған жұмыстарын істейді, өз-өзіне сенімі мол. Басқалардың олар жайлы пікірін көп назарға алмайды. Кей арулар аса сезімтал, басқалардың оларды шектеуін ұнатпайды және өз мінезі, өз қалауы бойынша іс жасауды жақсы көреді.
АВ (III)қан тобындағы арулар:
Артықшылығы: Бірер істі, жағдайды түсіну қаблеті өте жоғары, үнемі белсенді, кешірімшіл, сезімге берілгіш және өз-өзін тізгіндеудің шебері;
Кемшілігі: мінезі тез өзгереді, тез ашуланады, жинақы емес, кішігірім істерге бола өкпелегіш;
Ерекшелігі: Бұл қан тобындағы әйел затын мынадай екі түрге бөлуге болады. Бірі, жолы болғыштар. Олар айнала қоғаммен, ортамен тез тіл табысады. Екіншісі, әзілкеш, айналасын күлкіге көміп жүретіндер. Олар осы екі мінезімен өз орталарының гүлі бола біледі.
О(IV) қан тобындағы қыздар:
Артықшылығы: өзіне сенеді, сезіммен емес, ақылмен жұмыс жасайды, шыншыл, сергек, бар ақыл-ойын өмірін нұрландыруға арнайды;
Кемшілігі: ашуы қатты, өзімшілдігі шектен асқан;
Ерекшелігі: Өздерін көрсетуге ұмтылғыш, сыртқы келбетінен олар кейде уайымшыл, кейде шынайылыққа бет бұрып, төзімді адам болып көрінгенімен, ішкі жан әлемінде бұл екі мінез бірігіп кеткен. Олар қиыншылыққа немесе айналадағы болып жатқан жағдайлардың өзіне қаншалықты тиімді екенін тез бағамдай алады.
Әрине, бір-екі ауыз сөзбен аруларымыздың жан әлемін бейнелеу мүмкін емес. Бір бойжеткен – бір әлем. Ашылмаған планета сияқты. Сондықтан, ер азаматтарымыздың пейілі бәрін де сыйдырады, оң шешімін табуға жетелейді деген үміттеміз.