Қылмыстық сот ісін жүргізу үлкен жауапкершілікті талап етеді

– Жалпы, алқабилер соты – қылмыстық соттың істі қарауына шақырған және ант қабылдаған ҚР азаматы қатысатын сот жүйесі институты. Елімізде алқабилер соты 2007 жылдан бері қолданылады. 2007-2009 жылдар аралығында алқабилер өлім жазасы мен өмір бойына бас бостандығынан айыру бойынша істерді қарады. Ал, 2010-2012 жылдары қылмыс саны кеңейтіліп, аса ауыр қылмысқа жататын барлық іс қаралды. Алқабилер сотының қазіргі гибрид жүйесіне сәйкес, қылмыстық істерді 1 судья және 10 алқаби қарайды және қосалқы 2 алқаби болады. Ережеге сәйкес, алқаби болуға үміткер азаматтар 25 пен 65 жас аралығында болуы керек,- деді судья Асыл Изтелеуова.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі