Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл облыстық бақылау жөніндегі басқармасы 154 тексеру жүргізген

Биыл облыстық бақылау жөніндегі басқармасы 154 тексеру жүргізген

Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен 2024 жылдың І жартыжылдығында барлығы 154 тексеру жүргізіліп, тексеру нәтижесімен анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 109 нұсқама берілді. Жалпы басқарма мемлекеттік сәулет-құрылыс және еңбек инспекциясының мәселелерімен айналысады. Жүргізілген тексерулер нәтижесімен сәулет-құрылыс және еңбек бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 405 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, оларға жаза қолданылды. Жылдың бірінші жарты жылдығында жеке және заңды тұлғалардан 1 236 өтініш түсіп, олар бойыншазаңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, жауап берілді. Аймақтың бас ақпарат алаңында облыстық бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Ғанижан Қалиев алты айдың қорытындысын мәлімдеді.

- Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласы бойынша айта кетсем. Мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы түскен 1 221 хабарламаның заңдылығы тексеріліп, оның 640-ы тізілімге енгізілсе, 581 хабарлама заңнама талаптарына сәйкес рәсімделмеуі себепті кері қайтарылды. Сондай-ақ, 806 объектіні пайдалануға қабылдау туралы актінің 488-не оң қорытынды берілсе, 318 актіге теріс қорытынды берілді. Сол сияқты, 70 аккредиттелген техникалық қадағалау ұйымдарынан «Е-Qurylys» жүйесіне 1697 айлық есептері түсіп, оның 1316-ы қабылданса, 381-і ескертпемен қабылданды,- деді Ғанижан Піртазаұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
17 шілде 2024 ж. 296 1

Kathryn от 9 маусым 2025 07:04
Factor very well regarded.. casino en ligne You made your stand very nicely!. casino en ligne Nicely put, With thanks! casino en ligne francais Nicely put. Thank you. casino en ligne France Amazing a good deal of beneficial knowledge. meilleur casino en ligne Truly a lot of helpful information! casino en ligne fiable Cheers. I appreciate it. casino en ligne France You mentioned that exceptionally well! casino en ligne This is nicely put! ! casino en ligne Many thanks, Good information! casino en ligne francais