Заң бұзушылықтарды жою жөнінде 212 нұсқама берілген

– Биыл біздің басқармамен көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызметті алуға «Е-лицензирование» порталы арқылы 968 өтініш келіп түсті. Оның 446-ы лицензиялар мен аттестаттарға берілсе, 238 өтініш тұлғалар біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі және құжаттарын толық ұсынбауы себепті бас тартылды. Қалған 284 өтінім тұлғалардың өз арыздарына сәйкес кері қайтарылған. Сондай-ақ, жыл басынан бері облыстың еңбек инспекторлары 18 кәсіпорынның жұмыскерлерге берілетін жалақысы бойынша 32,2 млн.теңге берешегін анықтаған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 205 жұмыскердің берешегі өтеліп, жұмыс берушілерге заң аясында айыппұл салынды, - деді Марат Мырзабеков.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі