Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың 23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күніне құттықтауы

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың 23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күніне құттықтауы

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызметші - мемлекетіміздің айнасы, бет-бейнесі. Халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру, еліміздің тірегі болу - барлығымыздың мәртебелі міндетіміз.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды» деп атап өтті.

Тәуелсіз еліміздің өркендеу жолында, елдік мұраттарды ілгерілетуде сіздердің еңбектеріңіз зор. Мемлекеттік қызметшілерге мораль мен әдеп тұрғысынан жоғары талаптар қойылады. Сондықтан жауапкершілігі мол қызметтеріңізде қоғам мен мемлекет мүддесі жолында адал еңбек етулеріңізге тілектеспін.

Бүгінгі мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Құрметпен, облыс әкімі Н.Нәлібаев.
23 маусым 2024 ж. 287 0