Сала маманы брифинг өткізді
Кеше Сырдария ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Құралай Омарова Құрбан айт мерекесі қарсаңында арнайы баспасөз брифинг өткізді. БАҚ өкілдерінің қатысуымен жүзеге асқан жиында сала маманы бірқатар маңызды ақпарат берді.
– Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында мал сату, сою бекеттерінде және көпшіліктің қатысуымен ұйымдастырылатын құдайы тамақтар кезінде, басқада іс- шаралар өткізу барысында аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және жедел ішек инфекцияларының алдын алу ережелерін сақтау қажеттігін ескере отырып, келесі талаптардың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынадмын.
Негізінен, құрбандыққа шалынатын малдарды арнайы орындарда сатылуы, құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен сою ветеринарлық қызмет тарарынан ветеринариялық-санитариялық қорытындысы бар орындарда және әрбір ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті ветеринарлық құжаттары вет.паспорт, ілеспе құжаттар, құлақ сырғалары) болған жағдайда ғана іске асыру – маңызды рөл ойнайд.
Сонымен қатар мал сою орындарында санитариялық- эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы, мал сою барысында шыққан қалдықтардың уақтылы залалсыздандырылып, шығарылуы, қызметкерлердің жеке бас гигиена қағидаларын қатаң сақтауы, қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі және медициналық кітапшаларының болуы қадағаналады.
Ал ағамды арнайы киімде дайындау және дәретханаға бару алдында арнайы киімді шешу, тағам дайындаумен, үлестірумен айналысатын жұмыскерлердің денесінің ашық жерлерінде, қолында іріңді жаралардың, шағын жарақаттардың болуын қарап тексеретін, анықталған жағдайда жұмыстан шеттетуге жауапты адамды бөлу, тазалау жұмыстарымен айналысатын жұмысшының тамақ дайындауға және ыдыс-аяқты жууға жібермеу, тағамдарды дайындау технологиясын сақтап таза пісіру, шикі етке қолданған тақтайша, пышақ, ыдыс аяқты піскен тағамға пайдаланбау,
үй жағдайында консервіленген өнімдерді қоғамдық тамақтану орнында асқа қолданбау, үй жағдайында пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу, тағам өнімдерін тоңазытқышта тауарлық көршілестігін ( шикі азық- түлікпен, піскен тағамды бір сөреге қоюға болмайды) ескеріп, сақтау, тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарының болуы ескеріледі, – дейді сала маманы.
Өз кезегінде сала маманына БАҚ өкілдері сауал жолдап, тұщымды жауап алды.