Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жемқорлық ел болып ұйысқанда жеңіледі

Жемқорлық ел болып ұйысқанда жеңіледі

Қазіргі қоғамдағы өзек­ті мәселенің бірі – сы­бай­лас жемқорлық қыл­мысы. Елдің дамуы мен экономиканың өркен­­­деуіне, ұлттық қауіп­­сіздікке зиян келті­ретін бұл түйт­кіл түп-тамы­ры­мен жойыл­май келеді.

Сыбайлас жем­қор­лық латынның «corrum­pere», «бұзу» деген сө­зі­нен шыққан. Яғни лауазым­ды адамдар қолындағы билігін жеке өз мүддесі үшін пайдалануы. Ал тарихына үңілетін болсақ, ежелде басшыларға немесе діни қызметкерлерге құр­мет­ті сыйлықтар беру дәстүрінен бас­тау алған. Осылайша өті­ніш иесі бағалы сый тарту ету ар­қылы көздеген мақ­сатына жетіп отыр­ған.

Бүгінде аталған мә­се­ле тек парақор­лық­пен ғана шектеліп жүр­ген жоқ. Сонымен қатар тамыр-таныстық, лоббизм, қо­ғам­дық ресурстар мен қорларды заңсыз бөлу, иемдену, жекешелендіру, саяси құрылымдарды заңсыз қолдау, қаржыландыру, бопсалау сияқты түр­лі заңсыз әрекеттермен толыққан.

Болашағымыз бұлыңғыр болмас үшін әрбір азамат аталған заңсыз­дық­тардан бойын аулақ ұстағаны абзал. Ғасыр індетіне қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Ел болып ұйысып, жұрт болып жұмылғанда ғана мемлекеттің беделі артып, абыройы асқақтай бермек.


Ерлан ЕШМҰРАТОВ,
Ақжарма ауылының әкімі
eskeldi-eli.kz
08 маусым 2024 ж. 224 0