Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үйлену оңай – үй болу қиын

Үйлену оңай – үй болу қиын

Отбасын құру – жауапкершілік пен түсіністікті, сыйластық пен кешірімділікті, парыз бен міндетті қажет ететін шешім. Соңғы кезде қоғамымызда ажырасу әрбір төрт шаңырақтың біреуінде кездесуде. Оның ең ауыр зардабы бей­күнә балаларға тиеді. Толық отбасында тәрбие алмаған бала келешекте ата-ананың керітартпа үлгісін қайталамасына кім кепіл?!

Барлық бала отбасы бақы­тын көруге, толық отбасында тәр­бие­­лену­ге хақылы. Ажырасу­дың көбеюі – жастардың нем­құрай­­лылығының салдары. Біз қазақы тәлім-тәрбиені келе­шек ұрпақ бойына сіңірсек, бұл жағ­дай­лардың белең алуын тоқ­татуға болады. Бұл жөнін­де тату­ластыру­шы судьяның өзі де татулас­тыру рәсімдерін жүргізіп, екі тарап­­тың некесін ажыратпай ара­­да қалған баланы ескере отырып, оларға татуласу үшін мерзім беріп, некелерін сақтап қалуға тыры­­сып келеді.

«Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдыр­ламай тұрмайды» деп жата­­мыз. Десек те жұбайлардың құла­ғына «алтын сырға», болар-болмас жағдайға ұрыс-керіс шығар­май, байыппен, сабырлы­лықпен, түсі­ністікпен, төзімділік­пен қарап, шаңы­рақты шайқалт­пауға тырысу қажет. Қай кезде де ойланып шешім қабыл­даған дұрыс.

Барлығы тәрбиеге келіп тіре­летіні аян. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу қажет. Отбасы­лық құндылықтарды жіті түсініп, «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» дегендей, ақылмен ұрыс-керістің, жан­жал­дың алдын ала білейік.

Жастар, отбасымызға атүсті қара­май, жауап­кершілікпен ден қою керек. Кейде жас жеткін­­шек­тер қоғамға, құрбы-құрдас­тарына еліктеп, түзу жолдан та­йып жатады. Бұрын жас отбасының берік болуы үшін ата-әжелер, жеңге-апалар көп септігін тигізіп, неке­нің ұйытқысы болған. Бүгін де, ертең де осылай болғаны абзал. Бәлкім, мен осылай жол сілтеуге жас та шығармын, алайда, бұл сөздерім жүректеріңізге жетіп, сәл де болса ой қозғатса, мен үшін бұдан асқан бақыт жоқ. Себебі отбасы тағдыры – ұлт тағды­ры, келешек ұрпақ тағдыры. Сондықтан бәріміз жұдырықтай жұмылып болашақтың кірпішін қалауға атсалысайық.

Ж.СЫРҒАБАЕВА,
Сырдария аудандық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы
Фото: martebe.kz
04 маусым 2024 ж. 221 0