Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сырдария аудандық ауруханада білікті дәрігерлер қабылдау жүргізді

Сырдария аудандық ауруханада білікті дәрігерлер қабылдау жүргізді

Бұрнағы күні Сырдария аудандық ауруханасында Алматы қаласынан кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының мамандары арнайы келіп, денсаулығы ауыр жағдайдағы науқастарды шағымы бойынша қабылдады.

Өз кезегінде жоғарғы санатты ревматолог, кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының ІІ терапия бөлімшесінің меңгерушісі Майса Калыкова, УДЗ дәрігері, радиологиялық диагностика бойынша жоғарғы санатты дәрігер Бахыт Арыспаев, кардиолог Іңкәр Әбілдаева, нефролог Сәрсенбай Қармақбаев емделушілерге жан-жақты кеңес беріп, ауыр жағдайдағы бірнеше науқасты Алматы қаласына емделуге шақырды. Өз кезегінде аталған емдеу мекемесіне науқастарды квота арқылы жолдау қарастырылады.

Емделушілерге жүргізілген қабылдау барысында білікті дәрігерлер көпшіліктің денсаулығын барынша саралап, тиісті ем-шара жүргізуге қатысты ойларымен бөлісті. Бұл ретте, аудандық аурухана дәрігерлері арнайы меймандармен ортақ тәжірибе алмасты.
27 мамыр 2024 ж. 248 0