ӘДЕП НОРМАЛАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ
Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет және зор жауапкершілік. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу, мемлекеттік қызмет саласында еңбек ету жоғары кәсіби біліктілікті, мол жәжірибені және ізденісті талап етеді. Ал, Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидатын қатаң сақтауын бақылауға, оларға құқықтық кеңестер беруге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау бағытындағы жұмыстарды жандандыруға септігін тигізеді.
Ел Президентінің бастамасымен мемлекеттік қызмет саласы бойынша тың жобалар қолға алынып, сала жұмысы жыл сайын жетілдірілуде. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілдердің арнайы Ережесі бекітілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайту, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметте өзара қатынастар мәдениетінің қалыптасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұзуының алдын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде аудан бойынша 148 мемлекеттік қызметші мемлекеттік міндеттерді атқаруда. Олардың мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақтауына ықпал ету жұмыстары Әдеп жөніндегі уәкілдің құзыретіне кіреді. Жалпы, Әдеп жөнiндегi уәкiл – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi талаптары бұзылуының алдын алуды назарда ұстайтын, сондай-ақ өз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға кеңес беретiн мем¬лекеттiк қызметшi болып табылады.
Ауданда Әдеп жөніндегі уәкіл қызметін жандандыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе мемлекеттік қызметшілермен кездесулер, семинарлар, жиналыстар, жеке қабылдаулар өткізілуде. Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет саласындағы Заңнаманы және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша тұрғындардан сауалнамалар алынуда. Жақында "Уәкілдер эстафетасы" атты жоба жүзеге асып, ауданға белгілі ақын, "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" Мұхтар Сақтаповтың шығармашылығы насихатталды. Жергілікті басылымға, аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсына, «Фейсбук» әулеуметтік желісіндегі ресми парақшаларға да атқарылған жұмыстар жөнінде мәліметтер жариялануда. Аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында Әдеп жөніндегі уәкілдің байланыс нөмерлері, электронды поштасы, қабылдау күндері орналастырылған. Басты мақсат – ашықтық, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қар-сы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары та¬лап-тарын бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру және жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Жыл басынан бері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен келісілген кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес, ауыл әкімі аппараттарында, дербес бөлімдерде, денсаулық сақтау саласы мекемелерінде кездесулер өткізілді. Кездесулерде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысы талқыланып, жаңа қабылданған заңнамалар, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілердің ұсыныстары тыңдалып, кеңестер берілді. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде ұйымдастырылатын болады.
Д.Байдушев, аудан әкімінің орынбасары,
Сырдария ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл:
Сырдария ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл: