Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдер арасында кездесу ұйымдастырылды

Жасөспірімдер арасында кездесу ұйымдастырылды

№210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде Сырдария аудандық білім бөлімінің 2024 жылғы 14 мамырдағы N01-18-693 санды хаты және Сырдария ауданы прокурорының тапсырмасына сәйкес 8-11 сынып оқушыларына жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың, зорлық-зомбылық, буллинг, лудомания және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге мектеп бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы С. Байтөлеева, Сырдария ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері С. Джалмухамбетова , Сырдария АПб ЖПҚб ЮПт УПИ-ры полиция аға лейтенанты М. Оспанов , мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Друмова , мектеп психологі А. Әлжанова мен жоғары сыныптың жетекшілері қатысты.

Шараға қатысқан Сырдария ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері С. Джалмухамбетова оқушыларға жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, суға түсу қауіпсіздігі бойынша бейне фильмдер көрсетті. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша,Сырдария АПб ЖПҚб ЮПт УПИ-ры полиция аға лейтенанты М.Оспанов 18 жасқа толмаған жасөспірім оқушыларға түнгі сағат 11.00ден кейін жүруге болмайтынын, көлік, мотоцикл айдаған уақытта ата-анасына айыппұл салынатынын түсіндіріп өтті.

Жоғары сыныптың қыз балаларына мектеп медбикесі М. Бекжүніс жеке бас гигиенасының тазалығы, ерте жүктіліктің алдын алу және оның жасөспірім денсаулығына зияны, болашақ өміріне зардабы төңірегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Друмова және мектеп психологы А.Алжанова «Буллинг –қазіргі қоғамдағы шынайылық» атты бейнеролик көрсетті. Оқушылар бейнероликті тамашалап болған соң, бейнероликке қатысты сұрақ қойып, пікір алмасу болды. Буллингке кімдер ұшырайды? Буллингке ұшыраған оқушыны қалай білеміз? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды? деген мәселелерді көтерді. Оқушыларға «Өзіңді кибербуллингтен қалай қорғауға болады?», «Егер сен буллингке ұшырап немесе куәгері болсаң не істеуің керек?» деген сауалдарға жауап ретінде ұсыныстар мен кеңестер берді. Оқушыларды өзгелерді жеке тұлға ретінде қабылдап, оның ар-намысына нұқсан келтірмеу, өз бойымызда мейірімділік пен жанашырлық, эмпатия (өзгелердің эмоциясын қабылдай, түсіне білу) мен толеранттылықты дамыту керек екендігін айтты. Өз сөзін біздің мектебімізде буллингке жол жоқ, Біз біргеміз!!! деген сөздермен аяқтады.
17 мамыр 2024 ж. 158 0