Кәсіби байқау-кәсіби шыңдалу

Байқауға алғашқы екі турдан іріктеліп,үздік деп танылған 6 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысты. Қатысушылар «Сабақ – мұғалімнің шығармашылық алаңы» тақырыбында ашық сабақтар көрсетіп, үлкен ізденіс пен құзыреттіліктерін танытты. Өздерін кәсіби тұрғыдан шыңдап, оқыту үдерісіне жаңаша үн қосты.
Бірыңғай ақпараттық білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатын ұстанған байқауда ұстаздарымыз кәсіби шебер ұстаз екендіктерін дәлелдеді.