Жас отбасылардың некесі қиылды

Тағылымы мол кешті ашқан Сырдария аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің директоры Салтанат Бекжүнісова жастарды қуаныштарымен құттықтады.
– Бүгінде жас отау иелерін шаңырақ көтерген мерейлі сәттерімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін жас отбасылардың некесін қиып, үлкен өмірге қадам басуына тілектестік білдіреміз. Шын мәнінде, өмірде қол ұстасып бірге жүретін жастар көптеген сынақтан өтері анық. Осындай сәтте қиындықтан мүдірмей ақылмен шешім қабылдағаны дұрыс. Әрине, шағын мемлекеттің іргесін қалауда жастар татулықты, ізгілікті, жарасымдылықты басты ұстанымына айналдырса дейміз. Жастарға үлкен аға-апаларымыздың жолын берсін, – деді Салтанат Жанұзаққызы.
Сонымен қатар Сырдария аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары жаңадан отбасын құрған Назарбай Меңдіғалиев пен Арайлым Бисенбаеваның, Нұрдәулет Дайрабаев пен Инабат Бүркіттің некесін салтанатты түрде қиды. Сонымен қатар жас отау иелері Балтабай Ордабеков мен Ләззат Қонысбекова, Мақсат Аманжолов пен Ақниет Құлсейітке ұйымдастырушылар тарапынан ерекше ілтипат көрсетілді.
Өнегеге толы, жастарға берері мол кеште аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты.
«Тт» ақпарат