Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сатириктің бір сәті

Сатириктің бір сәті

…Сонан бері қырық екі жыл уақыт өтіпті. Ол – Сексеуіл кенті ардагерлер алқасының осы күнгі төрағасы Бақытжан Жолмырзаевтың орда бұзар отыз жастың табалдырығынан аттаған шағы.  Кенттегі АТС-тың цех басшысы кезекті еңбек демалысын Қызылорда қаласындағы бұрынғы «Коммунальник» шипажайында өткізеді. Осы демалыс үйінде ол қазақтың белгілі сатирик ақыны, атақты Асқар Тоқмағамбетовпен кездеседі. Осында он күн демалған Асекең мен сексеуілдік Бақытжан екеуінің бұл суреті ұмытылмастай естелік болып қалды. Бүгінде Бақытжан бұл құнды суретті көзінің қарашығындай сақтап отыр.

Суретте: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сатира сардары Асқар Тоқмағамбетов пен Сексеуіл кентінің тұрғыны Бақытжан Жолмырзаев (оң жақта).
Сурет 1982 жылы түсірілген.

Т.Нұржан-Балта
23 наурыз 2024 ж. 228 0