Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпарат алаңындағы сырлы сұқбат

Ақпарат алаңындағы сырлы сұқбат

Білекті - бірді жығады, білімді- мыңды жығады,- деп дана халқымыз айтқандай, білім- жеңілмейтін қару, қараңғы түнде адастырмас жарық жұлдыз.

2024 жылғы 11 наурыз күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары Оразбай Ақнұр мен Қойшыбаева Үміт және Қызылорда өңірінің стартап жобалар мен инновациялық технологияларды дамыту орталығының жас стартапері №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Абдуллаев Асылжан Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына шақырту алып, жобалары туралы баяндап, жетістікке жету жолындағы өз ізденістерімен бөлісіп қайтты.


Оқушылардың білімі мен белсенділігін бір арнаға тоғыстырып, биікке жетелеуде ұстаздары Ләйлә Сағымбаеваның, Гулнара Өмірзақованың еңбегі ерекше. Ұстаздардың еңбегі ақталып, шәкірттері білімнен мықты қару жоқ екендігін үнемі дәлелдеп келеді. Болашақта да ұстаздарымыз бен шәкірттерімізді биік шыңдарды бағындырады деген сенімдеміз.
14 наурыз 2024 ж. 108 0