Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Артық ойлар мазалап жүрсе...

Артық ойлар мазалап жүрсе...

Күйбең тіршіліктен бас алмайтын кез келген адамды артық ойлар мазалайтыны жасырын емес. Шектен тыс ойға оралатын көптеген оқиға уайымшылдыққа салынуға әкеліп соқтырады. Ғалымдар осындай беймаза күй кешетін жандарға арнап, мидағы ақпаратты ретке келтіріп отыратын әдіс-тәсіл ойлап тапқан.

Расында, «Фрирайтинг» қазақ тілінен аударылғанда «еркін хат жазу» деген мағынаны білдіреді екен. Өз кезегінде тақырыпқа арқау болып отырған тәсілдің кімдерге қажет екендігіне тоқталған жөн секілді. Ең алдымын, бір іске батылы жетпей жүрген, мәселенің шешімін таба алмаған, жаңа идея іздеген, іштей өзін бұғып, ойын сыртқа шығармайтын, мидағы ауыр ойдан арылғысы келетін, шығармашылық еркіндікке қол жеткізуді қалай­тын жандарға аса керекті тәсіл болып табылады. Өмірде сан түрлі оқиғаға тап болып, өз-өзін жоғалтып алған адамдар­ға да көмектеседі.

«Фрирайтинг» әдісін жасау үшін таза парақ пен қалам, таймерге қоятын сағат керек. Негізінен, таймерді 20-30 минутқа қойған абзал. Сосын бірнеше тақырыпта ойыңызға келген жазбаларды қағаз бетіне түсіре бастайсыз. Жазып отқанда қағазға түскен сөздерді оқымаған дұрыс. Тоқтаусыз жаза бастағаннан бастап, айналаға зер салмайсыз. Назар тек қағаз бетіндегі жазуда болуы тиіс. Мүлдем сөз таппаған жағдайда «ойыма ештеңе келмей жатыр» деген сөзді таңбалап, әрі қарай шимайлауды жалғастырған пайдалы. Еркін хат жазып отырған адам таймер уақыты біткеннен кейін қағаз бетіне түсірген әңгіме желісін дауыстап оқыған сәтте адам ойына жаңа идея келуі мүмкін.

«Фрирайтингтің» қатаң ережесінің бірі – адам жазуға отырғанда ойлануға бол­май­ды. Өзгенің пікіріне тәуелді болмай, өзін еркін сезіне алғаны жақсы. Жазу кезінде бар ойыңыз ерекше дүние­ге ауа­ды. Сол сәтте ешнәрсеге назар аудармаған тиімді.

Балтабай Ордабеков
Фото: ашық дереккөзден
27 ақпан 2024 ж. 291 0