Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕРЕКСІЗ ОЙЛАРДАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ?

КЕРЕКСІЗ ОЙЛАРДАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ?


Керексіз ойлардан қалай құтылуға болады? Кей кезде басыңда қаптаған ойлар жүреді. Олардың кейбірі , әрине, қажет. Ал кейбіреуінің керегі жоқ. Бір ойдан келесі ойға беріліп кете бересің. Мысалы, үйлену керек, ол үшін қыз табу керек, дүкеннен бір зат сатып алу керек, жұмыс іздеу керек, не істеймін, магистратураға түсе алмай қалсам не қыламын деген сықылды ойлар. Мұндайда қаптаған , мезі еткен қажетсіз ойлардан қалай құтылуға болады? Бүгінгі кеңесіміз осы жайлы.
Ойлар күні бойы басыңда жүрсе, олар жаңа тапсырмаларды, міндеттерді шешуге, мақсаттарды орындауға бөгет жасайды. Және басқа проблемалармен қосылып қайта мазаңды алады. Шешілмеген сұрақтардың жинақталуы ары қарай жылжуға мүмкіндік бермейді.
Көптеген психологтар бұл құбылысты орысша айтқанда «навешать на себя обезьян» (Өзіңе маймылдарды іліп алу)деп түйіндейді. Сіздің шешілмеген бір проблемаңызға тағы да бір «маймыл» жармасып алады. Олар 2-3-еу болса ол саған жай ғана ыңғайсыздық тудырады. Ал егер ол проблемалардан арыла алмасаң , тіпті жүре алмай қалуың мүмкін.
Қажетсіз ойлардан құтылудың жеті тәсілі:
1. Кез келген жерге жазып отыр.
Міндетті түрде өзіңмен бірге блокнот(қойын кітапшаңды) алып жүрудің қажеті жоқ. Мысалы, басыңызға бір идея сап ете түссе, телефондағы заметкаңызға, керекті бір түбіртек қағазына, не болмаса ұялы телефоныңыздағы диктофонға жазып алсаңыз болады. Барлық ойлаған ойларыңыз кейін керек боп қалуы мүмкін.
2. Апта соңында қорытынды жасап отыр.
Бір түрлі қызық естіле ме? Бұл шынында да барлығын өз орынына қойып отыруға көмектеседі. Өзіңнің сол аптадағы жеткен жетістіктерің мен жіберген кемшіліктеріңді қарауға көмек береді.
3. Күн сайын өз өміріңді реттеп отыруға әдеттен. Күн сайын сен миыңа салмақ түсірер қаншама ақпарат аласың. Ұсақ жұмыстарды (мысалы, керексіз хаттарды жою) кейінге қалдырма, бұл а ғана уақыт алады, бірақ уақытты көп үнемдейді.
4. Өз бойыңда ұзақ уақыттық мақсаттар мен міндеттерді қойып орындай алатын қабілетіңді дамыт. Істейтін жұмысыңның ақырғы нәтижесін нақты түрде елестету қысқа мерзімдік ұмтылуды реттеуге көмектеседі.
5. Не істеп жатқаныңды ұғын.
Дұрыстап асықпай, аспай-саспай , байсалдылықпен, байыппенен сол сәттегі ісіңе қатысты қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік перспективаларыңды елестет, көз алдыңа келтір: мұны сен не үшін істеп жатырсың, бұл ары қарай қалай болады, бұдан сен не алуың керек- бұл ойлардың тәртібін реттеуге көмекке жақсы.
6. Әрекеттер алгоритмін пайдалансаң болады, бұл саған жаңа идеялар, ойлар келуіне ықпал етеді. Бұл керексіз ойлардан құтылудың керемет тәсілі.
7. Барлық анық-қанығына жеткен ойларыңды толғанып ал.
Егер, сен осы берілген кеңестерді барлық жағынан алып қарастырмасаң, бұл кеңестер дым да кәдеге жарамай қалады.

http://kenester.kz/

04 сәуір 2018 ж. 1 313 0