Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғам дертімен күрес толастамайды

Қоғам дертімен күрес толастамайды

Қазіргі уақытта адам денсаулығына қатысты кез келген мәселе өзекті саналады. Әр апта сайын медицина мамандары сан сала бойынша семинар өткізіп келеді.

Бұл жолы аудандық емханада «АЙТВ/ЖИТС-тің республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы. Байланыстан кейінгі алдын алу. Нормативтік құжаттар» тақырыбында семинар өткізілді. Қоғам өмірінде өз өзектілігін жоймайтын қауіпті дерт жөнінде ұйымдастырылған семинар-кеңеске ақ халатты абзал жандар қатысты.

Семинар барысында білікті дәрігер Ақжарқын Оразбаева бірнеше мәселе бойынша мәлімдеме жасады. Сонымен қатар «АЙТВ/ЖИТС-ті алдын алуға байланысты кешенді іс-шараларды көпшілікке таныстырды. Нормативтік құжаттарда ескеретін ережелерді дәрігерлер мен медбикелерге жан-жақты түсіндірді. Экспресс тест қоюдың техникасы жиналған көпшілікке көрсетілді. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жалғасын табатын болады.
23 ақпан 2024 ж. 211 0