СЫРШЫЛ ЖЫРДЫҢ САҢЛАҒЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Туған жер» бағдарламасы және де Сырдария ауданының 90 жылдық мерекесіне орай ақын, сыншы, аудармасы Әбіраш Жәмішевтің жақсылыққа үндеп, жамандықтан жирендіретін үгіт-насихаттық, өсиет сарын-сипатында түзілген, поэзиялық жанрда жазылған шығармаларын насихаттау мақсатында «Сыршыл жырдың саңлағы» атты мәнерлеп оқу байқауы 11 мамыр күні мәдениет үйінің кіші залында 10-14 жас аралығындағы оқушылар арасында болып өтті. Кеште оқушылар ақынның шығармаларын мәнерлеп жатқа оқыды. Нәтижесінде байқауды саралаған ауыл әкімшілігінің маманы Айниязова Толғанай мен мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Шайзадаева Жанаттың келісімімен Бас жүлдені ақынның «Ер елімен еңселі» атты жыр жолдарын оқыған Құлмағанбетова Мерей, бірінші орынды Нұрлыбекқызы Асылзат (Тереңөзек), Шопан Қарақат «Темір емес шығар –ау төзім деген» жыр жолдарын, Балғабай Ханшайым «Биіктей бергей мерейім» атты өлеңін оқып екінші, «Достық менің бағымда, қуатымда» атты жыр жолдарын оқыған Әбілда Әбдіманап иеленді, қалған қатысушылар алғас хат пен марапатталды. Кеш барысында Шіркейлі ауылының тумасы ардагер ұстаз Ахметова Шырынкүл апай ақын Әбіраш Жәмішев туралы өзі білетінестеліктерінен сыр шертті.
Г.ӘЛЖАНОВА