Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғам­ның өзекті мәселелерінің бірі. Бұл дертпен күрес мәселесі біраз мемлекет үшін көкейтесті проблемалардың бірі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер барлық салада жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқор­лық­пен ымырасыз күресу – мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі еке­нін атап өтті. Осыған сәйкес сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық бағытын түбегейлі қайта қарауды ұсынды. Сондай-ақ уәкілетті органдардың алдына бірқатар міндеттер қойылып, кәсіпкерлер мен жұртшылықтың сыбайлас жемқорлық деректері бойынша берген өтініштері негі­зін­де жүйелі жұмыс жүргізу керектігін кесіп айтты. Түпкі мақсат – сыбайлас жем­қорлықтан таза қоғам қалыптастыру.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қаржы мониторингі органдарымен бірлесе мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын реттеу тәсілдерін, оның ішінде осы саладағы мемлекеттік бақылау жүйе­сін түбегейлі өзгертуді тапсырды.

Осы орайда, Сырдария аудандық мәде­ниет және спорт бөлімінің «Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі» арнайы жұмыс жоспарына сәйкес нақты шаралар атқары­лып келеді.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның ең басты қауіп-қатерлерінің бірі. Бұл кесел мемлекет пен қоғамның тұ­рақ­тылығына, ел экономикасының іл­герілеуіне үлкен кедергі келтіріп отыр. Десек те, осындай келеңсіз құбылыстармен күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау және басқа да мем­лекеттік органдардың міндеті емес, әр азаматтың парызы екенін естен шығармаған абзал.

Елімізде жемқорлықпен күрес жұмыс­тары жүйелі жүргізілуде. Пара беруші де, алушы да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ сыбайластық жағдайын тиісті органдарға хабарлаған адамға сый­ақы та­ғайындалады. Тек барлығы дәлелді, дәйек­­ті болуы шарт.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі­нің тапсырмасына сәйкес, сыбай­лас жем­қор­лық үшін жауапкершілікті түсін­діретін жадынамалар мен хабарламалар бөлімге қарасты мекемелер мен адамдар көп шоғыр­ланатын жерлерге іліну жұмыстары жүргізілді. Барлық атқарылған жұмыстар бөлім­нің фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланып отырады. Сырдария аудандық, ауыл­дық мәдениет үйлері мен клубтарында, кітапханада жұмыс жоспары бекітіліп, жыл бойына жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта да бұл бағыт­тағы жұмыстар әрі қарай жалғасын таба­ды.

Жеңісбек Төрәлиев,
Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
27 қаңтар 2024 ж. 229 0