Вандализм дерті эпидемия секілді – сенатор
Сенат депутаты Геннадий Шиповских вандализмге қарсы күресті күшейту қажеттігін айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Соңғы уақытта вандализм мәселесі ушығып тұр. Күн сайын БАҚ беттерінде біреулердің халықтың мүлкін, коммуналдық меншігін бүлдіргені туралы жаңалықтар желдей есуде. Вандализм дерті эпидемия сынды. Бұған, әрине, жол жоқ. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының жақында айтқан сөзінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық тәртіпсіздіктер мен мәдениетсіздікті болдырмау жөніндегі міндеттер ерекше өзектілікке ие болып отыр. Қазіргі жағдай мұндай заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтуді қайта қарау керектігін дәлелдеп отыр. Сенаторлар заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруға дайын. Біз барлық мүдделі тараптарды осы бағыттағы бірлескен қызметке шақырамыз. Сонымен қатар мұндай жағдайлардың алдын алу үшін заңнамалық шаралардан басқа, бірінші кезекте жастар арасында тиісті профилактикалық жұмыс жүргізу қажет», деді Г.Шиповских.

Сенатор вандализмге қарсы күресті Үкімет, жергілікті атқарушы орындар және құқық қорғау органдары бақылауға алуы керек екенін ескертті.