Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қан қысымы жасарып барады

Қан қысымы жасарып барады

Денсаулық – адам өміріндегі ең басты әрі маңызды құндылық. Денсаулық әрдайым жақсы күтімді талап етеді. Қазіргі таңда қан қысымының тұрақсыздығын көп байқаймыз. Әсіресе үлкен жастағылар арасында жиілеуде. Бұл тақырыпты қозғауымызға да осы мәселе түрткі болды десек те болады. Статистикаға сүйенсек, әлем халқының үштен бір бөлігі қан қысымынан зардап шегеді екен. Қан қысымы – қан тамырларына түсетін күш. Адамның қан қысымы өзгеруі ағзаға айтарлықтай зиянын тигізеді.

Бұл дертпен зардап шегетіндер бұрын егде жастағы кісілер болса, қазіргі кезде жастар арасында да пайда болуы қауіпті болып отыр. Жастар арасында көп жағдайда қимыл қозғалыстың аз болуы және фаст фуд өнімдерін көп пайдалану себептерінен пайда болуда. Майлы, тұзды тағамдардың адам ағзасындағы холестериннің көбеюіне әкеліп соғып, қан қысымы туындайды. Соның салдарынан семіздік ауруы да пайда болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пайымдауынша, бұл одан әрі көбейе береді, жасара береді деген болжам бар. Себебі қазіргі кезде үйде отырып онлайн жұмыс істеу кеңінен таралуда. Заман талабына қарай ұялы телефонға көп байланып қалып жатады. Көп қозғалыстың жоқтығы да бар. Казір екінің бірі көлікпен жүреді, сол себепті көп қозғалысқа түсе бермейді. Сондай-ақ көп уайым, стресс, қаржы табу жолдарындағы мәселелер де себеп болуда.

Адам өмірінің қауіпсіз қан қысымы көрсеткіші – 120/80 мм болып табылады. Ал қауіпсіздіктің максималды көрсеткіші – 140/90 мм дейін. Алайда қалыпты көрсеткішті салыстыруға да болмайды. Себебі әр ағза әртүрлі. Қан қысымының көрсеткішіне немқұрайлы қарамаған жөн. Қан қысымының бірден көтеріліп немесе түсіп кетуі – жүрек-қантамыр жүйесіне айтарлықтай зиянын тигізеді. Қалыпты қан қысымының көрсеткіштері: 100/60 мм-ден төмен – гипотония, 140/90 мм-ден жоғары – гипертония. Адам ағзасы көтере алатын ең жоғары қан қысымы 300 мм-ге жеткендер өте сирек кездеседі екен. Себебі, бұл өліммен аяқталатын көрсеткіш болып табылады. Жоғары қан қысымы аяқ астынан туындайтын жүрек әлсіздігін тудырып, көбінесе аяқасты болатын қайғылы жағдайға әкеп соқтырады. Қан қысымы себепсізден көтерілмейді. Оған әр түрлі факторлар әсер етеді. Мысалы, көп адамдарда көңіл-күйіне байланысты бір нәрсеге қатты ашуланғанда немесе уайымдаған кезде туындайды. Сонымен қатар дәрігерлердің айтуынша стресс, ұйқысыздық, артық салмақ, қант диабеті, бүйрек аурулары, организмде магнийдің жетіспеуінен де болады. Қан қысымы ауруының бірнеше белгілері бар. Бастың жиі ауыруы, құлақтың шулауы, жүрек айну, көру қабілетінің төмендеуі және т.б. Ал қан қысымының төмендеуі ең бірінші стресстен, нашар жұмыстан, дене қимылы аз жағдайларда туындайды. Қан қысымының төмендеуі көбінесе спортшылар арасында кездеседі екен. Олар дене қимылымен белсенді айналысса да, қан қысымының төмендеп кетуі денеге түсетін салмақтан ағзаға кері әсерін тигізуінен туындайды. Бұл ауруды уақытында емдемесе, денсаулығыңызда әртүрлі проблемалар пайда болып, жүрек талмасы мен инсульттың дамуына әкеліп соғады. Қандай жағдай болсын қан қысымымен мәселе туындаған жағдайда дәрігердің көмегіне немесе кеңесіне жүгінген абзал.

Қан қысымы болмас үшін не істеу қажет? Ең бірінші артық салмақтан құтылу қажет. Күніңіздің жарты сағатын физикалық жаттығуларға арнаңыз. Сонымен қоса таза ауада серуендеу, билеу, спортпен шұғылдану және жүзумен айналысуға кеңес беріледі. Дұрыс тамақтану қажет және тамақтың тұз мөлшеріне мұқият қарау керек. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жиі пайдалану ұсынылады. Ең бастысы, зиянды заттардан алшақ болу.

Бүгінгі таңда балалар арасында бас сүйек қысымы жүйке жүйесінің зақы
мдалуы (черепное давление) көп белең алуда. Балалар невропатологының айтуынша, дәрігердің қаралуына келген 10 баланың 9-ынан осы ауру белгілері байқалады екен. Аурудың себебі қоршаған ортаның қолайсыздығы және бас­ты себеп – экология. Көбінесе жүкті кезде диабет, инфекция, анемия, тұмау сияқты созылмалы аурулармен ауырған жағдайларда ауру қаупі арта түседі. Сонымен қоса ауыр босану кезінде де зақымдану пайда болады. Аурудың бірнеше белгілері бар: баланың мазасыздануы, жиі жылауы, жылаған кезде иегі мен еріндерінің көгеруі, жиі құсу. Мұндай жағдайларда міндетті түрде балалар невропатологы дәрігеріне көрініп, тексерілуден өту қажет. Жүйке жүйесінің зақымдануы баланың дамуына да кері әсерін тигізеді. Бұл аурумен ауыратын балаларға жақсы күтім қажет. Көп жылауға, шыңғыруға, шайқауға болмайды. Дені сау ұрпақтың дүниеге келуі тікелей ата-анаға байланысты. Әрбір жүкті келіншек жүктілік кезден бастап, бала дүниеге келгенге дейін денсаулығына жақсы күтім жасап жауапкершілікпен қараса, өмірге дені сау ұрпақ алып келетіні сөзсіз.

Қорыта келе, «Денсаулық – зор байлық» демекші, денсаулық – әрбір адамның басты құнды байлығы. Сондықтан бізге берілген денсаулықты аялап, уақытылы күтіну қажет. Әрдайым дәрігермен кеңесіп отыру артық етпейді. Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы.

А.ҚАЙРАТҚЫЗЫ
Фото: ашық дереккөзден
23 қаңтар 2024 ж. 158 0