Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Әскерге баратын азаматтарға жаңа талап қойылды

Әскерге баратын азаматтарға жаңа талап қойылды

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов журналистердің сұрағына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Руслан Жақсылықовтан Жетісу облысы Жаркентте орналасқан әскери базада желтоқсан айында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздың өлім себебі сұралды.

Министр сарбаз өліміне минингит ауруы себеп болғанын айтты.

«Біріншіден, марқұмның отбасына тағы да көңіл айтқым келеді. Бұл ауру  – менингиттің жылдам өтетін формасы. Білесіз бе, әдетте аурудың мұндай формасы тасымалдаушыларда кездеседі. Өкінішке қарай біз жас жігіттерді әскерге шақырған кезде міндетті анализдердің тізбесінде менингит тасымалдаушыларды анықтайтын талдау жоқ», деді Руслан Жақсылықов.

Дегенмен құзырлы орган әскерге шақырылған азаматтарды міндетті осы талдаудан өткізу мәселесі жоспарға қойылып, енді болашақ сарбаздар минингитке қарсы тексерістен өтетінін мәлім етті.

«Осы жағдайдан кейін жас жігіттерді әскери бөлімге келген сәтте менингококк тасымалдаушыларға қарсы 100 пайыз тексеру жүргізу туралы шешім қабылдадым және ақша бөлінді. Егер жігіттерде осы аурудың белгілері анықталса, дәрі-дәрмектің көмегімен-ақ 5-7 күннің ішінде емделеді. Болашақта мұндай болмайды деген сөз. Бірақ проблема бар. Мен өзім де әкемін. Бұл оның отбасы үшін ғана емес, бәріміз үшін үлкен қайғы. Қайғырып көңіл айтамын, қазақша келгенде бұл ажал», – деді Қорғаныс министрі.
19 қаңтар 2024 ж. 192 0