Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қабыл болсын, ақ батам!

Қабыл болсын, ақ батам!

Халқыма келді Жаңа жыл,
Құт әкелді, береке.
Жаңаша болып күнтізбе,
Басталды бүгін мереке.

Жаңа жылда тілейміз,
Халқымызға молшылық.
Еліміз биыл көркейіп,
Болмаса екен таршылық.
Бақыт қонып еліме,
Жауын жауып жеріме,
Аулақ болсын жамандық.

Бәле-жала алыстап,
Қауіп-қатер қалыс қап,
Ескі жылымыз есіркеп,
Жаңа жылымыз жарылқап,
Құт-береке дарысын,
Дархан пейіл еліміз
Дами берсін қарыштап.

Тек бірлікті жақтаған,
Әлем түгел мақтаған.
Аман болсын халқымыз,
Салт-дәстүрді сақтаған.
Ынтымақ пен ырысты,
Ақ тілектен бақ табам.
Жарылқап Жаппар Иеміз,
Қабыл болсын, ақ батам!

Яхия Тасыров,
Ұлы Отан соғысының ардагері,
Сырдария ауданының
Құрметті азаматы
30 желтоқсан 2023 ж. 491 0