Сот – әділдік айнасы

– Азаматтық істер бойынша талап қою мен арыздардың «Сот кабинеті» сервисі арқылы жүзеге асырылады. Осыған сәйкес жыл басынан бері төрелік ақпараттық жүйесі арқылы 433 кіріс құжат тіркелген. Сырдария аудандық соты фронт офиспен қамтамасыз етілген. Онда сотқа келушілерге компьютерлік қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар, кез келген азаматқа «Сот кабинеті» сервисін пайдалану мүмкіндіктері қамтамасыз етілген, яғни арыз-шағым жолдау мүмкіншілігі қарастырылған. Жыл басынан бері «Е-өтініш» АЖ-і арқылы 10 өтініш тіркеліп, барлығы уақытылы жауап берілді. Міне, осының нәтижесінде жылдың үздік соты иелендік, – деді Нұрхан Есенгелдіұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі