Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық сотта салтанатты жиын өтті

Облыстық сотта салтанатты жиын өтті

Қызылорда облыстық сотында облыстық соттың 85 жылдығына орай, мерейтойлық жиын өтті. Онда Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Сүлеймен сөз алып, облыстық сот өзінің тарихында талай күрмеуі қиын істерді қарап, азаматтардың құқықтарын қорғап, әділ сөз төрелігін жүзеге асырып келе жатқандығын айта келе, осы жауапкершілігі мол қызметте мемлекеттік қызметшілердің де өлшеусіз үлесі барын атап өтті.

Құттықтау сөзінен кейін департамент басшысы сот жүйесінің дамуына өз үлестерін қосқан сот ардагерлері мен сот мамандарына марапаттарды табыстады.

ҚР Судьялар Одағының «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» төсбелгісімен Сот Әкімшілігінің Қызылорда облыстық Департаменті басшысының орынбасары М.Асанова, Жаңақорған аудандық соты әкімшісінің басшысы Б.Нәлібаева, Арал аудандық соты әкімшісінің басшысы З.Сермағамбетова, Қызылорда қалалық №2 соты әкімшісінің басшысы М.Жүсіпбекова, Департаменттің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы М.Жаңабергенова, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы А.Жұмағамбетова, Арал аудандық соты әкімшісінің бас маманы Қ.Өтепбергенов, Арал аудандық соты әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы Б.Икина, Жалағаш аудандық соты әкімшісінің бас маманы Г.Байкенжеева марапатталды.

«Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен Департаменттің ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Г.Сұлтанова, ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы С.Сейіл, Сырдария аудандық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Г.Пірімбет марапатталды.

ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Арал аудандық сот әкімшісінің ардагері Ш.Абилова, Қызылорда қалалық сот әкімшісінің басшысы Н.Дүйсенова, Қазалы аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы К.Уразалиева марапатталды.

Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің Құрмет грамотасымен Департаменттің кадр қызметі бөлімінің басшысы Ж.Дүйсенова, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сот әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы Н.Асылбекова, Қызылорда қалалық сот әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы А.Саденова, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот әкімшісінің басшысы А.Аблаева марапатталды.

Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Алғыс Хатымен ҚазақстанРеспубликасы Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бас маманы Ә.Накиева және М.Шамау марапатталды.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық сотының 85 жылдығы аясында облыс соттарының арасында өткізілген "Үздік сот кеңсесі" байқауының жеңімпазы Сырдария аудандық соты әкімшісі марапатталды.


Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.
07 желтоқсан 2023 ж. 126 0