"Жас сарбаз" үйірме мүшелеріне әскери форма тарту етті
2023 жылдың 22 желтоқсанында кент орталығындағы Кент мәдениет үйінде Сырдария аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Әскери борыш – абыройлы міндет" тақырыбында аудандық форумы өтті.
Форум мақсаты жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, келешекте Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру болып табылды. Форумды аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев және Сырдария аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығының орынбасары майор Б.Сейтов ашып, жастарды өз отанының партиоты болуға шақырды. Форум барысында N210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебі жанынан құрылған "Жас сарбаз" әскери-патриоттық үйірме мүшелеріне 10 әскери форма сыйға тарту етті.
Форумға қатысушылардың пікірінше, мұндай игі іс-шараның маңызы ерекше. Жастардың бойына отаншылдық рух, патриоттық сезім ұялатады. Елімізде болып жатқан жаңашыл өзгерістер мен бетбұрысты дамуға талантты жастардың еркін араласуына жарқын жол ашады.