Балық: пайдасы мен зияны
Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі сіздерге балықтың пайдасы мен зияны туралы пайдалы деректер ұсынады.
Балық – көптеген адамдардың ең сүйікті тағамдарының бірі. Адамдар өзен, теңіз және мұхит, сондай-ақ, ақ және қызыл, майлы және майлы емес балықтарды, яғни әркім әртүрлі балықтарды жақсы көреді.
Адамдар оны кез келген түрінде жей береді. Және ол қайнатылған, қуырылған, буланған немесе көмбештелген, тұздалған, маринадталған, ысталған, тіпті шикі балық болсын, өзінің ерекше дәміне байланысты кез-келген адамның көңілінен шығып, тәбетін ашады.
Ет тұтынатындарға қарағанда балық жейтіндер көп. Өйткені тіпті, ет жемейтін кейбір адамдар балықтың артықшылығы оның етінің құрамында екенін біле отырып, балық жейді. Оның құрамында A, D, E дәрумендері мен кальций, йод, темір, магний, фосфор, селен, мырыш бар.
Тауық еті секілді балықтың құрамында да адам ағзасы жақсы сіңіретін өте жоғары, сапалы ақуыз бар. Ол, өз кезегінде, ағзаға қажетті барлық аминқышқылдары қамтиды.
Балықтың пайдасы
– ағза жоғары сапалы ақуызға қанығады;
– қан ұю функциясы қалыпқа келеді;
– қандағы холестеринді төмендетеді;
– қалқанша безінің функциясының қалыпқа келтіріп және оның ауруларының алдын алады;
– көру қабілетін жақсартады;
– жүйке жүйесін қалыпқа келтіріп, жадты, ұйқыны жақсартады және тітіркенуді азайтады;
– өмір сүру ұзақтығын арттырады;
– тері, шаш, тырнақ, сүйек пен тістің жағдайын жақсартады;
– зат алмасуды қалыпқа келтіреді;
– жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға және жүрек-қан тамырлар жүйесін нығайтуға ықпал етеді.
– сондай-ақ, балық жегеннен артық салмақ қосылмайды. Тіпті майлы балықтың өзі құрамындағы майлы қышқылдарының арқасында салмақ қосуға ықпал етпейді және оны тұтыну арқылы артық салмақтан арылуға болады. Сол себептен де, диетологтар салмақ тастағысы келетіндерге көмбештелген немесе суға пісірілген балық жеуді ұсынады.
Балықтың зияндылығы
Балық бірнеше аспектілердің әсерінен зиян болуы мүмкін:
– егер балықтың өзі зиянды болса, оның құрамында зиянды және улы заттар болса. Соның ішінде майлы балық, диарея және ішектің қатты ауыруын тудыратын қоңыр балық, бурый скалозуб немесе фугу, ит-балық, кірпі-балық, ай балық, спинорог, қырымдық мұртты балық немесе марена, барракуда немесе теңіз шортаны секілді балықтардың бәрі уытты және олар сал ауруына немесе тіпті өлімге әкелуі мүмкін;
– егер балық паразит жұқтырса. Балық көп жағдайда адам ағзасында құрттардың немесе басқа да құрттардың пайда болуына себепші болады. Сондықтан оны шикідей емес, пісіріп жеген дұрыс;
– егер балық дұрыс сақталмаған болса. Балық – тез бұзылатын өнім және ол арнайы сақтау талаптарын талап етеді.
– қақталған балық құрамында қатерлі ісік тудыратын канцерогенді заттардың артық болуына байланысты зиянды деп саналады. Бірақ, суық қақталған балық аса зиянды емес, ал ыстыққа ысталған балықтарда канцерогенді заттар көп.
Балықты қалай жеу керек
Дұрысы, суда немесе буда пісірілген балық жеген жөн. Себебі, балық осындай жолмен әзірленсе пайдалы заттардың көп мөлшерін сақтап қалады. Сондай-ақ, көмбештелген балық та пайдалы. Ал маринадталған, ысталған, тұздалған және кептірілген балық тек жоғары сапалы болса және дұрыс дайындалған жағдайда ғана пайдалы болады, және оның паразиттерді жұқтыру қаупі аз болады.
Балықты қалай таңдау керек
Жас балықтың өзіне тән жағымды ерекше иісі болуы керек, бірақ иіс жағымсыз және өткір болмауы тиіс. Ал балықтың еті бос емес, шымыр болу керек және оны саусақпен басқанда, пішіні тез қалпына келуі керек. Бірақ, балық етінің түсі оның түріне байланысты өзгеше болуы мүмкін. Алайда, балықтың түсі жасыл немесе сары болмауы қажет.
Балықты қалай сақтауға болады
Жаңадан алынған жас балықты тоңазытқышта немесе мұздатқышта сақтауға болады. Оны тоңазытқышта бірнеше күн ғана сақтау керек, ал мұздатқышта бірнеше ай сақтала береді.