«Келешек» бағдарламасының келешегі кемел

– Бұл жүйе әрбір ата-ана үшін өте өзекті бағдарламалардың бірі деп ойлаймын. Әрбір баланың шотында камелет жасына толғанша қаржы жинақталып, қалаған оқу орнына түсуге мүмкіндік қарастырылмақ. Осылайша айына 1 АЕК (3 450 теңге) мөлшеріндегі ең төменгі жарна салынып отырса, бала 18 жасқа толғанда шотында 3,3 млн теңгеден астам қаржы жинақталады. Тиісінше, ата-аналардың ерікті жарналары қосылса 7 млн теңгеден астам қаражат жинақтау мүмкіндігі бар. “Келешек” жүйесі азаматтарды қолдаудың қосымша тетігі десек болады. Бұл ретте талапкер грант негізінде жоғары оқу орнына мүмкіндік алса, шотындағы жинақталған қаражат арқылы баспана алуына да рұқсат беріледі, – деді Берік Рахманұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі