Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызыққа толы күзгі демалыс

Қызыққа толы күзгі демалыс

Оқу тоқсандары арасындағы оқушылардың демалыс уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру – мектеп ұжымының басты міндеттерінің бірі. Әсіресе, «бүгінгі  еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін телефонға телмірген заманда балаларымыздың бетін кітап оқуға қалай бұрамыз?» деген сұрақ әркімді де мазалайтыны анық. Бұл мәселе де күзгі демалыс жоспарынан тыс қалған жоқ.

Осындай олқылықтың орнын толтыру , балаларды кітапқа қызықтыру мақсатында Аманкелді ауылындағы №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейде жүйелі жұмыстар жүзеге асуда. Соған орай күзгі демалыс кезінде балаларға қызықты әрі пайдалы іс-шаралар көптеп ұйымдастырылды. Оның бір айғағы ретінде оқушылардың күзгі демалысы кезінде мектеп-лицей кітапханашысы  Райхан  Мейірманованың  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырған  «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз»  атты іс-шарасын айтуға болады. Іс-шара барысында 6-сынып оқушылары Айзере Төлеген И.С.Тургеневтің «Муму», Әлихан Бөкейханұлының «Торғай», «Ерторғай» атты  балаларға арналған шығармаларын оқыды. Бастауыш сынып оқушылыры қызықты ертегілер оқыса, енді бірі Абай өлеңдерімен сусындады. 5-сынып  оқушылары Нәби Батырхан «Бір үзім нан», Диас Аманкелді «Мұрагер» кітаптарын оқыды.

"Балалар телефонға қарап көз майын тауысқанша, кітап оқудың пайдалы екендігіне көз жеткізді. Демалыс уақыты аяқталып, мектепке оралғанда құрбы-құрдас, достарына оқыған қызықты оқиғаларын айтып тауыса алмады. Күзгі демалыс кезінде жалықпай рухани байлық жинағандарына қуанды" – дейді кітапханашы Райхан  Мейірманова.

Сонымен қатар, күзгі демалыс кезінде балаларға қызықты әрі пайдалы іс-шаралар көптеп ұйымдастырылды. Бастауыш пән бірлестігі ата-аналармен бірігіп көңілді спорттық жарыс өткізді. Жоғарғы сынып оқушылары Қорқыт Ата атындағы университет ғалымдарымен кездесіп, ғылыми жоба жазудың қыр-сырын меңгерді. Мектептің 100 жылдығына орай мектепішілік күзгі пәндік олимпиадада білім озаттары бақ сынасты.
30 қараша 2023 ж. 298 1

Rafael от 9 маусым 2025 15:10
Fantastic advice, Thank you! meilleur casino en ligne Whoa lots of useful tips. casino en ligne Seriously lots of superb information! casino en ligne Many thanks. I enjoy this. casino en ligne fiable Nicely put, Cheers. casino en ligne fiable You've made your point very effectively!! meilleur casino en ligne Good material. Thank you. casino en ligne francais Thank you. Helpful stuff. meilleur casino en ligne You said it adequately.. casino en ligne France You actually reported this effectively. casino en ligne France