Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 газет

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Ойынқұмарлықтың шариғаттағы үкімі қандай?

Ойынқұмарлықтың шариғаттағы үкімі қандай?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғұламалар кеңесі лудоманияға қатысты пәтуа шығарды.

"Лудомания (гемблинг, игромания) термині құмар ойынға тәуелділік деген мағына береді. Шариғатта кез келген ойынға құмар араласса харам, үлкен күнә саналады", –  делінген ҚМДБ сайтында.

Оның зардаптары:

1. Құмар ойынға тәуелділік отбасының шырқын бұзып, елдің берекетін кетіреді, қоғамды құлдыратады;

2. Адамның уақытын, мал-дүниесін зая кетіріп, қарызға батырады;

3. Экономикаға кері әсерін береді, адамның өмірін тек иллюзиямен шектейді;

4. Бойын жалқаулыққа, масылдыққа, жауапсыздыққа үйретіп, ақша үшін арын, намысын сататын төмен дәрежеге түсіреді;

5. Жеке тұлғаның жүйкесін тоздырып, тіпті өзіне қол жұмсауға (суицидке) дейін алып барады;

6. Құмар ойыннан ұтылған адамның өзінің серіктеріне деген көреалмаушылығы, кекшілдігі артады.

"Егер ойынға құмар араласпағанның өзінде оған әуестігі құлшылығына кедергі болса, уақытын зая кетірсе, психикасы мен болмысына зиян келтірсе, өмірлік қажеттіліктеріне тосқауыл болса, сондай-ақ балағат сөздер айтып, ұрыс-төбелеске алып барса, мұндай ойынға шариғатымызда тыйым салынады", – деп жазды басқармадан.

Үкімі келесідей:

1. Лудомания (гемблинг, игромания) – харам.

2. Құлшылыққа, отбасылық және басқа да қоғамдық міндеттеріне кедергі келтіретін ойын құмарлыққа тыйым салынады.

12 қараша 2023 ж. 27 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам