Әлемдегі 12 ең қымбат тағамдар мен сусындар
Біздің күнделікті тұтынатын тағамдарымыз мейрамханадағы тағамдармен мүлде салыстыруға келмейтіні рас. Алайда ондай мейрамханалардың өзінде де кез келген адам тапсырыс беруге мүмкіндігі жете бермейтін тағамдар да жоқ емес.
Барлық мәселе бағасына келіп тіреледі, өйткені әлемнің ең қымбат тағамдары мыңдаған долларға бағаланады, сол себепті бақуатты адамның өзі де (бұл жерде мультимиллионер емес) таңғы асқа, не болмаса түскі ас пен кешкі асқа мұндай бағадағы тағамдарға тапсырыс бере алмайды. Оқырмандардың арасында, дәл осындай тағамдарды аузына алған адамдар бар ма екен?
Бәйшешек. Таң қалдыңыз ба? Біздің уақытымызда дәл мұндай дәмдеуіш алтыннан да қымбат тұратындығына мен де таң қалып отырмын. Бәйшешек күлгін түсті зағыпыран гүлдерінің аналығынан жасалады. Әр гүлде осындай үш аналық болады, жүз грамм дәмдеуіш дайындау үшін 50 мың гүл кетеді екен. Мұндай зағыпыран гүлдерінің санымен футбол алаңын да толтыруға болады. Бәйшешек дәмдеуішін алу үшін тек қана гүлдер керек емес, жұмысшылар мен лабораториялық құралдар да қажет. Жарты килограмм бәйшешек 500 бен 5000 долларға дейін бағаланады.
Алмазды уылдырық. Бұл бекіреден алынатын уылдырықтың ашық түсті түрі. Балықтың жасы неғұрлым кәрі болса, одан алынатын уылдырықтың түсі де ақшыл болатыны белгілі. Қазіргі таңда бекіре тұқымдастар жоғары бағаланатыны анық, өйткені олардың саны азайып барады. Бұл уылдырықтың дәмі де ерекше. Уылдырық салатын ыдыстың өзі ALMAS деп аталады және ол 24-каратты алтыннан жасалған, қымбат уылдырыққа сай жасалғандай. Мұндай тағамды Пикадилли көшесінде орналасқан Caviar House & Prunier Лондон мейрамханасынан тапсырыс бере аласыз. Бағасы – бір килограмы 50 мың АҚШ доллары.
Ақ трюфель. Бұл трюфель түрі солтүстік Италияда өседі, және де оның бағасы жарты килограмы 3 мың долларға дейін барады. Ең көп ақы төлеген адам ретінде казино басшысы Стенли Хо танымалдылыққа ие, ол бір жарым килограмм ақ трюфельдер үшін 330 мың АҚШ долларын төлеген.
Мраморлы еттен жасалған бифштекс. Гурмандардың есептеуі бойынша мраморлы еттен дайындалған бифштекстер иісі мен текстурасы жағынан ерекшеленеді. Өйткені мұндай етті тек қана "тодзима" тұқымдас сиырлар ғана береді және де тек қана арнайы күтімде отырғандары ғана, барлығы емес. Олардың тамақтану құрамына сыра да енеді. АҚШ-та мұндай еттің негізгі бағасы жарты килограммға 40-150 доллар көлемінде болады.
"Алмазды" мартини. Былайша айтқанда бұл қарапайым мартини, тек бармен зәйтүн орнына 1,6 каратты бриллиант салып береді. Әрине, мартини дәмі бриллиантқа сай болуы тиіс, сондықтан бұл коктейль бағасы 16000 долларды құрайды. Бұл сусынды Жапонияның Токио қаласындағы Ritz-Carlton отелінен дәмін татып көру мүмкін.
Perrier Jouet Belle Epoque Blanc de Blanc шампаны. Perrier Jouet Belle Epoque Blanc de Blanc әлемдегі ең қымбат шампан арнайы сұрыпталған жүзімдерден дайындалады, қолдан боялған бөтелкелерде сатылады, бағасы 1,500 долларды құрайды.
Macallan Fine Rare Vintage вискиі. Macallan Fine Rare Vintage әлемдегі ең қымбат вискилердің бірі. Әлемге бар болғаны 85 бөтелкесі таратылады, сақталу мерзімі 30 жылды құрайды. 1 бөтелке бағасы – 38,000 доллар!
Шоколадты трюфельдер. Бұл арнайы тәтті АҚШ-тың Коннектикута қаласындағы Knipschildt Chocolatier қызметкерлерінің қолымен жеке дайындалады. Мәзір Valrhona какаосының көп көлемі мен өзге де таңдаулы өнімдердің қосылуымен дайындалады. Трюфельдің бір килограмы 6000 долларды құрайды.
Nino's Bellisima. Бұл пицца New York City тез тамақтану мейрамханалары желісі ұсынатын пиццалардан өзгеше. Оның құрамында лобстер, теңіз шаяны еті және алты түрлі уылдырық бар. Егер сіздің артық 1000 доллар көлемінде ақшаңыз болса, дәмін татып көруіңізге әбден болады.
“La Bonnotte” картобы. Әлемдегі ең қымбат картоптың бірі дәл осы “La Bonnotte” француз картобы саналады. Жыл сайын Noirmoutier аралында дәл осындай жоғары сапалы картоп өндіріледі. Картоп егістіктері тек қана көрші жатқан теңіз балдырларымен тыңайтылып отырады. Бұл картоптың түрі жоғалып бара жатқан картоп түрі болып есептелетіндіктен, оның бағасы бір килограмы 500 доллар көлемін құрайды.
Essen aka von Essen Platinum-дағы Club Sandwich сэндвичі. Бұл үш қабатты сэндвич сұрыпталған балапан етінен, ветчинадан, пісірлген ‘quails’ жұмыртқасынан және ақ трюфельден тұрады. Қазіргі кезде Cliveden, Berkshire-де сатылады. Балапан еті (poulet de Bresse) «әлемнің төртінші гастрономиялық ғажайыбына» жатады, ақ трюфельмен сәнделіп, айына мыңнан аса тапсырыс беріліп тұрады. Калориялығы 1182-ні құрайды және майдың үлес салмағы – 1,8. Бұл аса пайдалы тағам емес, дегенмен де өте қымбат. Бағасы – 100 фунт (45.4 гр) – 200 $-ға жуық тұрады.
Тағы да кім бағасы жүздеген, тіпті мыңдаған долларға бағаланатын тағамдар мен сусындарды атай алады?
Дереккөз: http://www.menslife.com