Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі ауданы халқының шамамен 14% МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

Шиелі ауданы халқының шамамен 14% МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

МӘМС жүйесінің өзекті мәселелері, ауыл тұрғындарын сақтандыруды өзектендіру бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл ақпараттық-түсіндіру тобының назарында. Оның құрамында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бар. Шиелі ауданында аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергеновтың төрағалығымен активпен жиын өтті.

Ауданда 78 мыңнан астам адам тұрады, халықтың 13,9 % МӘМС жүйесінен тыс. 11 мыңға жуық сақтандырылмаған ауыл тұрғындарының басым бөлігін 12 айға төлемдері жоқ тұрғындар мен ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері құрайды.

«Сақтандырылмаған тұрғындардың арасында ай сайынғы төлемі жоқ азаматтар бар. Олардың арасында МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың 15 жеңілдік санаты бар, бірақ олар бұл туралы білмейді. Және жүйеден тыс ұзақ еңбек демалысына шыққан мұғалімдер, сондай-ақ маусымдық жұмысы бар шаруа қожалықтарының қызметкерлері. Оларды МӘМС жүйесінде өзектендіру қажет», - деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.

Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов ауылдық округ әкімдеріне, салық органының мамандарына, әлеуметтік сала қызметкерлеріне ауыл тұрғындарын МӘМС жүйесіне тарту бойынша нақты жұмыс жүргізуді тапсырды. МӘМС-ке уақтылы және ай сайын төлеген жағдайда мәртебе үнемі «сақтандырылған» болатыны баса айтылды.
30 қазан 2023 ж. 101 0