Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыспен күрес – басты талап

Қылмыспен күрес – басты талап

Қоғамда түрлі қылмыстық істер орын алып жатады. Оның себебі мен салдарын түсіндіріп жату да қиын. Көбіне қылмыстық оқиға орын алған жағдайда тәртіп сақшылары мен құқық қорғаушылардың жауапкершілігі арта түседі. Осы ретте аудандық полиция бөлімінің атқарған жұмыстарын саралап өтсек.

Жақында аудандық полиция бөлімі аудандық әкімдікпен бірлесіп «Қарасора» жедел-про­филактикалық іс-шарасын өткізді. Осы ретте А.Тоқмағамбетов ауылына қарасты саяжайлардағы егістік қораларында заңсыз есірткі алқабын еккен деген үш дерек, Шаған ауылына қарасты фазендеда бір дерек анықталған. Есірткі өнімдерін еккен жерлерді тексеру кезінде Ішкі істер органдарында тіркелмеген аңшы мылтығы анықталып, куәгерлердің қатысуымен хаттамаланып алынған. Сонымен қатар, есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында, аудандық ауруханада наркологиялық есепте тұрған, бұрын осы тектес қылмыстармен істі болған азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, АПБ-нің жедел қызметімен бірге бақылау шаралары жүргізілуде. Ал білім ошақтарында, АПБ-нің ЖПҚ-нің, ОІІД-нің ЕҚКБ-сы қызметкерлері мен аудандық аурухананың нарколог-мамандармен бірге есірткінің денсаулыққа зияндығы, оның заң алдында жауапкершілігі жөнінде жастар мен жасөспірімдер арасында дөңгелек үстелдер мен семинарлар тұрақты түрде ұйым­дастырылып келеді.

Сонымен қатар қазіргі таңда темірден төнген қатердің көбейіп тұрғаны ақиқат. Осы бағытта да сала мамандары жүйелі жұмыстар жүргізуде. Атап айтар болсақ, әр аптаның жұма және сенбі күндері қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 6 қызметтік автокөлік пен 20 қызметкер күйшейтілген қызметке көшіріліп, жүмылдырылған. Күш­ей­тілген қызмет кезінде 100-ден астам әкімшілік хаттама толтырылып, 15 автокөлік Сырдария АПб-нің автотұрағына қойылған. Автокөлікті масаң күйде басқарған 3 азамат анықталып, тиісті құжаттар жиналықталып, Сырдария аудандық сотына жолданған. Күшейтілген қызмет барысында орын алып жатқан заң бұзушылықтар анықталып отыр. Мамандар жүйелі жұ­мысты жалғастырып, осындай күшейтілген қызметті апта сайын ұйымдастырады.

Алаяқтық дерегі бойынша да осы уақытқа дейін қылмыстық істер орын алып жүр. Тұрғындардың кез келген жарнамаға сеніп алданып қалып, алаяқтардың арбауына түсіп, шығынға батып, салған ақшаларын қайтара алмай, полиция бөліміне жүгінуі жиілеп барады. Оның дәлелі, 2023 жылдың 8 айында 7 азамат алаяқтың арбауына түсіп қалғаны белгілі болып отыр.

Алаяқтық қылмысының өсім алуы, әсіресе, «Каспи жұма» акциясы іске қосылған кезде орын алған. Сондай-ақ тұрғындар бөліп төлеу, пайызсыз несие алып берушілердің торына жиі түскен. Және қайтарымсыз несие алып беремін деген қылмыскердің есеп шотына ақша аудару, интернет желісі арқылы несие алып беру, өздеріне қажет затты алу үшін ақша беріп, алданып қалу деректері орын алуда. Яғни, алаяқтар ғаламтор желісі арқылы адамдарға қажетті кез келген затты жарнамалау арқылы сеніміне кіріп, ақша аудартуда. Осы мақсатта учаскелік полиция инспекторлары тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, аудан тұрғындары көп жүретін жерлерге ескертпе хаттар іліп таратуда.

– Жергілікті полиция қызметінің негізгі бағыттарының бірі – қыл­мыстылықтың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сырдария ауданы көлемінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, көше мен қоғамдық орындарда қылмысты болдырмау мақсатында күнделікті нақты тапсырмаға негізделген жұмыстар жүргізілуде. Бөлімнің учаскелік полиция инспекторларымен ауданға қарасты шалғайда орналасқан шаруа қожалықтары, елді-мекендер­де, мал жайылымдары мен фермерлік шаруашылықтарда, құрылыс объектілерінде іздеуде жүрген қылмыскерлер, заңсыз қару иелерін анықтау, мал ұрлықтарын болдырмау бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілуде, – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы А.Оспанов.
А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
10 қазан 2023 ж. 132 0