Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 44 газет

17 маусым 2025 ж.

№ 43 газет

14 маусым 2025 ж.

№ 42 газет

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек

Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек

Аудандық мәслихат депутаты ретінде ауыл әкімдерін сайлауға бірнеше рет қатыстық. Басқа депутаттарды қайдам, өзімнің таңдауыма ешкім ешқашан үстемдік жүргізген емес. Әрқашан ауылды басқаруға лайықты деген азаматқа дауыс бердім. Ал, енді биылғы шілде айынан бастап депутаттардан бұл өкілеттілік алынып, ауыл әкімдерін халық сайлайтын болды. Бұл Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға арналған басым бағыттардың бірі екені белгілі.

Президент ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөніндегі кеңесте алдағы сайлау науқанының еліміз үшін аса маңызды екенін атап өтті.

– Осы оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. Негізі, бұл біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік, – деді Мемлекет басшысы.

Жалпы, Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы ауылда тұрады екен. Бұл жолғы саяси реформа ауыл тұрғындарының мүддесі мен игілігі үшін қолға алынып отыр. Сондықтан алдағы сайлау бұдан бұрын қабылданған саяси реформаларға тың серпін береді деп сенемін. Сондай-ақ тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға толықтай жол ашады.

Негізінен, әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі. Жұрт олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Қазір біздің ауданда үш ауыл әкімін сайлауға дайындық және үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылуда. Сайлаудың жақын қалғанын ескеріп, ауыл тұрғындарын дұрыс таңдау жасауға шақырамын.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
аудандық мәслихат депутаты  
18 шілде 2021 ж. 718 1

Emilia от 7 маусым 2025 03:30
Good data. Thanks! casino en ligne You said it adequately.. casino en ligne Kudos. I value it! casino en ligne francais Kudos. Numerous write ups. casino en ligne You've made your point. casino en ligne You've made your position extremely well.! casino en ligne You reported this fantastically. casino en ligne fiable Lovely facts, With thanks. casino en ligne Many thanks! I enjoy it! casino en ligne Helpful material Cheers. casino en ligne