Қоғамдық орындарда өрт қауіпсіздігін сақтайық!
ҚР Өрт қауіпсіздігі туралы заңына сәйкес өрт қауіпсіздігі мен өрт сөндіруді қамтамасыз ету ұйымдардың басшыларына жүктеледі. Барлық мекемелер нормаға сәйкес жарамды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, өртке қарсы қызметін шақыру байланыс құралдарымен және автоматты өрт дабыл қоңдырғысымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Ойын-сауық, түскі ас ішу, көрме, сауда биржалық, спорттық, мәдени және басқа да орындарға, трибуналарға, сондай-ақ басқа да бөлмелерге келушілер саны өрт кезінде адамдарды құтқару қауіпсіздігімен қамтамасыз ету жағдайына байланысты жобалау нормасында көрсетілген немесе есептеп анықталған саннан аспауға тиіс. Жобалау нормасында есепке қажетті деректер болмаған кезде залдағы адамдарды көшіру уақытын қамтамасыз етуі 2-минут, ал алаңның бір адамға келетін есептік көрсеткіші – 1м болуға тиіс.
Адамдар көптеп жиналатын орындарда іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде: кемінде екі көшіру жолымен қамтамасыз етілген жобалау нормасының талаптарына жауап беретін, терезелерінде темір торлары жоқ және екінші қабаттан аспайтын жанғыш жабынды ғимараттарды пайдалануға болады;
Өртке қарсы су жүйесі жарамды жағдайда болып, өртті сөндіретін норманы қамтамасыз етуі тиіс. Су жүйесінің жарамдылығы жылына екі рет көктемде және күзде тексеріледі.
Қонақ үйлерде, жатақханаларда т.б. қазақ және орыс тілдерінде жазылған өрт қауіпсіздігі ережелерінің жадынамалары болу керек. Кезекшіде әрбір есіктің эвакуация жолдарының кілттері болу керек, ал екінші кілт жинағы кезекші бөлмеде сақталады.
Көрме, оқу залдарында, фойе, т.б. көпшілік орындарда кілемдер және кілем төселген жолдары еденге кедергісіз бекітілуі керек.
Аурухана ғимараттары және өздігінен жүре алмайтын орындар бес адамға бір көтеріп алып жүретін құралдармен (носилка) қамтамасыз ету қажет.
Өрттен қорғанудың ең тиімді тәсілі – өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау.
Есте сақтаңыздар, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту» туралы №55 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға міндетті.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс істейді және өртті байқаған жағдайда тұрғындар «101» «112»-ге хабарласуы керек. Есіңізде болсын, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамауы бойынша әкімшілік жаза көзделген.
Сырдария аудандық
төтенше жағдайлар бөлімі