Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Ауыл шаруашылығы министрі күріш институтының жұмысымен танысты

Ауыл шаруашылығы министрі күріш институтының жұмысымен танысты

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ы.Жақаев атындағы күріш ғылыми-зерттеу институтының қызметімен танысты.

Айта кетейік, күні кеше Қармақшы ауданында өткен «Дала күні» семинар-кеңесінде аймақ басшысы күріш өсірушілердің өзекті мәселелерін министрге баяндаған болатын.

Аймақ басшысы министрге күріш өнімділігін арттырудың бірден-бір жолы – агротехнологияларды сақтаумен қатар, сапалы тұқыммен қамтамасыз ету екендігін айтып, институт жұмысын жандандыруға қатысты ойларымен бөлісті. Бүгінде аймақта егілетін күріштің небәрі 3 пайызы ғана - отандық сорттар. Өкінішке орай, Қазақстандағы жалғыз күріш институты жаңа, бәсекеге қабілетті сорттар шығаруға қауқарсыз. Оның негізгі себебі - институттың қаржылық және материалдық- техникалық жағдайының төмендігі. Аграрлық ғылымды реформалау шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі күріш ғылыми- зерттеу институтының жарғылық үлесін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне беруді жоспарлауда.

"Біздің ойымызша, бұл университеттің ғылыми-зерттеу институтын жеткілікті қаржыландыруға мүмкіндігі болмайды. Құрметті Айдарбек Сейпілұлы, министрлік әзірлейтін тұқым шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына күріш тұқымы мәселесін қосуды және қолдауыңызды сұраймын", - деп атап өтті Нұрлыбек Машбекұлы.

Мекеме жұмысымен танысу барысында министр аталған мәселелердің мән-жайын зерделеп, алдағы уақытта шешімі қарастырылатынын жеткізді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
14 қыркүйек 2023 ж. 409 0