Сырдариялық жастар Жолдауды қуаттайды
«Amanat» партиясының Сырдария аудандық филиалына қарасты «Жастар» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын насихаттауға арналған іс-шара болды.
Іс-шараға аудандық партия филиалының консультанты Б.Ахметов және бастауыш партия ұйымының белсенділері қатысты. Іс-шара барысында филиал консультанты биылғы жылғы Жолдаудың негізгі басым тұстарына тоқталды. Мәселен, Жолдауда сөз болған партияның «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобалары арқылы халықтың әл-ауқатын одан әрі көтеруге бағытталған жұмыстар жалғасын табатындығын, су және көлік министрліктерінің құрылуы, моноқалалар мен аудан әкімдіктеріне жергілікті бюджетті беруі, «Отбасы» банкін аудан және ауылдарға бетбұрыс жасату, сонымен қатар, атом электр станциясын салу бойынша референдум өткізу жөнінде ашып айтты.
Іс-шара барысында аудан жастары да Жолдаудың халық арасында қолдау тапқандығын айтып, алдағы уақытта Жолдауды насихаттауға қатысатындықтарын жеткізді.