Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңдігімнің тұғырысың, Ата Заң!

Теңдігімнің тұғырысың, Ата Заң!

Күмәнданбас көрші елдердің ешбірі,
Көрік бердің шұғылалы көшке Ұлы.
Уа, Ата Заң, ар-намысым, айбарым,
Сенсің менің қасиетім қастерлі.

Заң бар кезде болмас әсте қайғы-мұң,
Аласармас өр рухым мен айбыным.
Уа, Ата Заң, елдігімнің негізі,
Сенсің менің бар бақытым, байлығым.

Еркін елде естіледі зор даусым,
Қуаныштан жанарға жас толды-ау шын.
Уа, Ата Заң, теңдігімнің тұғыры,
Сенсің менің қорғаушым һәм қолдаушым.

Тек бірлік деп соғатұғын жүрегі,
Орындалды ата-баба тілегі.
Уа, Ата Заң, баға жетпес тұғырым,
Сенсің менің теңдігімнің тірегі.

Тұғыр көрген азаматы, биі, ері
Тоғыз бөлім тоғыз тарау жүйелі.
Уа, Ата Заң, егемендік нышаны,
Сенсің менің тәу етерім киелі!

Заң бар сәтте естіледі кемел үн,
Мақтан етер жер-жаһанға сені елім.
Уа, Ата Заң, қазағымның тұмары,
Сенсің менің сенгенім һәм сенерім.



                            Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
ақын,
                           Қазақстан Жазушылар
                                    Одағының мүшесі
Фото: ашық дереккөзден
30 тамыз 2023 ж. 123 0