Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » СЫР АҒЫП ЖАТЫР

СЫР АҒЫП ЖАТЫР

Сыр ағып жатыр,
Сыр ағып жатыр,
Сыр ағып жатыр ақырын.
Тулайды-ай толқын,
Қинайды-ай сол күн,
Аңсадым сені, аһ, ұрдым.
Сыр ағып жатыр,
Сыр ағып жатыр,
Сыр ағып жатыр тоқтаусыз,
Күнім жоқ менің,
Түнім жоқ менің,
Өзіңді өткен жоқтаусыз.
Сыр ағып жатыр,
Сыр ағып жатыр,
Сыр ағып жатыр тұп-тұнық.
Қимаймын сені,
Ойлаймын сені,
Жанарға мөлдір шық тұнып.
Сыр ағып жатыр,
Сыр ағып жатыр,
Сыр ағып жатыр мөп-мөлдір,
Шуақ-нұр төккен,
Оралмас көктем,
Арман-ау бізге тәтті өмір.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

08 тамыз 2019 ж. 853 0