Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » 30 тамыз - Конституция күні

30 тамыз - Конституция күні


Күмәнданбас көрші елдердің ешбірі,
Көрік бердің шұғылалы көшке Ұлы.
Уа, Ата Заң, ар-намысым, айбарым,
Сенсің менің қасиетім де қастерлі.

Сен бар кезде болмас әсте қайғы-мұң,
Аласармас өр рухым мен айбыным
Уа, Ата Заң, елдігімнің негізі,
Сенсің менің бар бақытым, байлығым.

Еркін елде естіледі зор даусым,
Қуаныштан жанарға жас толды-ау шын.
Уа, Ата Заң, теңдігімнің тұғыры,
Сенсің менің қорғаушым да қолдаушым.

Тек бірлік деп соғатұғын жүрегі
Орындалды ата-баба тілегі.
Уа, Ата Заң, баға жетпес тұғырым,
Сенсің менің теңдігімнің тірегі.

Тұғыр көрген азаматы, би, ері
Тоғыз бөлім тоғыз тарау жүйелі.
Уа, Ата Заң, Елбасы ұстап ант берген,
Сенсің менің тәу етерім киелі!

Заң бар сәтте естіледі кемел үн,
Мақтан етер жер-жаһанға сені елім.
Уа, Ата Заң қазағымның тұмары,
Сенсің менің сенгенім һәм сенерім.

Ақтөре Ибрагимұлы
30 тамыз 2018 ж. 2 918 0