«Жаралы жылдар жаңғырығы» көрмесімен танысты

Аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ядролық сынақ полигоны туралы ақпарат берді. 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды. Одан 1,5 миллион адам зардап шекті. Ядролық сынақтың зардаптарын жою үшін ел азаматтары әскери міндетін өтеді. Сынақ алаңына ауданнан 150-ге жуық азамат барса, бүгінде 28 ардагер мемлекет тарапынан көмек алуда. Семей полигоны ардагерлерінің құрметіне «Еңбек даңқы» музейінде арнайы бұрыш жасақталған.
Іс-шарада Семей полигоны ардагерлері өз естеліктерімен бөлісті. Аудан әкімі әскери борышын өтеген азаматтардың ерліктері кейінгі толқынға үлгі-өнеге екенін айтып, құрмет толастамайтынын жеткізді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі