Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АРДАГЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

АРДАГЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Семей полигоны – ядролық сынақ алаңының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқыда адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1991 жылдың 28 тамызында Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарды. Сөйтіп тиянақтылық пен төзімділік көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті. Ең үлкен полигон жабылып, қуаттылығы жағынан әлемде төртінші орын алатын ядролық қарудан бас тартылды.
Аудандық мекемелер үйінде аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев Семей полигонының ардагерлерін қабылдады. Қабылдауда сынақ алаңында әскери борышын өтеген сырдариялық азаматтардың ерен еңбектері аталды. Олардың Отан алдындағы борышын абыройлы атқарғандары үшін аудан әкімінің «Алғысын» тапсырды.

"Тт"-ақпарат
30 тамыз 2019 ж. 751 0