Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тиімділігі көп қосымша

Тиімділігі көп қосымша

Цифрландыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатқан елімізде қарапайым халық үшін тиімді қосымшалар саны жыл санап артуда. Сондай қосымшалардың бірі «Damumed» деп аталады. Аты айтып тұрғандай бұл қосымша денсаулық сақтау саласының жұмысын жеңілдетуге, саладағы жұмыстарды цифрландыруға байланысты қолданысқа енгізілген.

«Damumed», бұл – ең алдымен дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрі­герді үйге шақыру және медициналық құжаттарды қарау үшін медициналық ұйымға жылдам қол жеткізу үшін қажет. Аталған қосымшаны смартфоны бар кез келген адам жүктеп ала алады. Ол үшін телефондағы «Google Play» немесе «AppStore» бағдарламалық жүйелерін қолдану керек.

Айта кететін жайт, қосымшаны іс­ке қосқан кезде тіркеу ай­ма­­­­­ғын таңдау сұралады. Қажетті ай­мақ­­ты таңдағаннан кейін «Damumed» қосымшасының бірінші терезесі ашылады. Бұл қолданушы жасайтын алғашқы таңдау немесе бірінші қадам. Ол үшін, яғни тіркеуді бастау үшін «кіру» түймесін басу қажет. Әрі қарай өзіңіздің телефон нөміріңізді және ЖСН енгізесіз. Содан кейін барып «Жалғастыру» тетігін бассаңыз, жүйе автоматты түрде көрсетілген ЖСН таңдалған өңірде бекітілгенін тексереді. Содан соң көрсетілген деректермен пайдаланушыны іздейді. Егер пайдаланушы туралы ақпараттар жүйеден табылса, онда сіздің телефон нөміріңізге SMS-код жіберіледі, оны «SMS-тен алынған Код» өрісіне енгізу қажет және сіз қосымшаға кіре аласыз. Әрі қарай бәрі оңай, өз таңдауыңызды жасап, қажетті дәрігердің қабылдауына жазыласыз немесе үйге шақырасыз.

«Damumed» – отандық денсаулық сақтау саласында ақпараттық жүйелерді құрушы жүйе болып табылады. Ел бо­йынша 1700-ден астам медициналық ұйым, 120 мыңнан астам дәрігер осы жүйе арқылы жұмыс істейді. «Damumed» мобильді қосымшасын бүгінде 3,7 млн-нан астам пайдаланушы қолданады және оның саны жыл санап артып келеді екен. Жүйе менеджерлерінің ресми мәліметінше, «Damumed» Astana Hub ин­но­вациялық-креативті эко­­­жүйесінің ре­зи­­денттері мен Қазақстанның үзд­ік 30 IT-компанияларының қатарында.
«ТТ» ақпарат
Фото: ашық дереккөзден
29 шілде 2023 ж. 159 0