Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Алдағы үш күнде 43 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы үш күнде 43 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстан  синоптиктері 27-29 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 27 шілдеде оңтүстік-шығыста, 27-28 шілдеде батыста, оңтүстік-батыста, 28-29 шілдеде республиканың солтүстік-батысында аптап ыстық болады. Ауа температурасы +40+43 градусқа дейін жетеді.

«Алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуі әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 28 шілдеде солтүстікте, 28-29 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Сонымен қатар бұрқасын соғуы ықтимал», делінген хабарламада.

Айта кетсек, биылғы жаз Қазақстанның барлық дерлік өңіріне көптен бері болмаған аптап ыстықты әкелді.
26 шілде 2023 ж. 123 0